|    |  
12 желтоқсан 2018
19:19
қаз
Айқынның жаңа бейнебаянына жары түсті
11 ақпан, 16:50 1591


Айқын Төлепберген күні кеше туған күнін өзінің достарымен атап өтті. Бір оқпен екі қоянды атуды көздеген әнші ресейлік әріптесі Сосо Павлиашвилимен түсірген бейнебаянының да тұсауын кесті. Осылайша, көпшіліктің назарына аталмыш туындысын ұсынды. Бірге ән шырқады. 
Өз кезегінде Сосо Айқынды туған күнімен құттықтап ел сүйіспеншілігіне ие болған хит әндерінен де шашу шашты. 

Аталмыш туынды жиналған қауымның көңілінен шықты. Әдетте өзінің жеке өмірін құпия ұстайтын Айқын бейнебаянға сүйікті жарын түсірген. Дегенмен, оны көндіру аса қиынға түсіпті. 



"Жолдасым көнбеді.Себебі, аяғы ауыр еді, төртінші айда, іші шығып қалған. Мен қазір түспеймін, оның үстіне ырым бар, екіқабат әйелді көрсетуге болмайды, көз тиеді деген сияқты. Соның өзінде режиссер, сценарист, бәріміз көндірдік. Ақыры түсірдік", - деді Айқын Төлепберген. 

Дереккөзі: http://gakku.kz/
Теги: Музыка


Жаңалықтар