|    |  
20 тамыз 2019
12:38
қаз
​Айнұр Ілиясова неге митингіге шыққаны жайлы айтты
08 тамыз 2019, 12:23 214
Актриса Айнұр Ілиясова Нұрсұлтан Құрманға сұхбат беріп, митингіге неге шыққанын айтты. Ол сондай-ақ біраз ойларымен бөліскен.


 
«Сол кезде қиыншылық көп болып кетті. Менде бір ыза пайда болды. Доллар 180-нен 300-дің үстіне шығып кетті. Мүмкін көп нәрсені түсінбеген шығармын. Бірақ, мен минтингіге жалғыз бардым, ешкім шақырған жоқ. Желіден көріп, ілесіп кеттім. Сол кезде көрген нәрсем көз алдымнан кетпейді. Адамдарды көліктерге алып хайуандарды салған сияқты тыға бастады. Бірақ мен онда тапсырыспен шыққан жоқпын. Мені оппозицияның адамы дегендер болды. Мен сол жерде митинг деген өте қорқынышты нәрсе екенін түсіндім. Негізі барлығын дұрыс жасау керек. Бір нәрсе ұнамаса, хат жазайық, аппелияцияға берейік. Біз хайуан сияқты шықсақ, бізге  де хайуан сияқты қарайды. Өйткені біз үкіметтен бір нәрсе талап ету үшін, өзіміз дайын болуымыз керек. Шыны керек, қайсысы дұрыс деп ойландым»-дейді актриса.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар