|    |  
24 ақпан 2020
03:35
қаз
​Айнұр Тұрсынбаева: Адам біреуді жамандау арқылы тек өшеді
05 желтоқсан 2017, 12:22 295
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева адамды өсіретін және өшіретін әдетті атады. Ақынның айтуынша өсек тыңдау немесе айту адамды құртады екен. Бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.


 
«Адамның жолын байлайтын, энергиясын алып қоятын, деңгейін төмендететін, ашуланшақтыққа көп ұрындыратын не екенін білесіз бе? ӨСЕК! Өсекті тыңдау немесе айту! Адам кітап оқып, ізденіп өсетін болса өсек айту арқылы, біреуді жамандау арқылы тек өшеді. Жұрттың бәрі жаппай әңгіме айтып отырғанда мән бермеу ең қиыны.. Сенің де тілің қышиды, әңгімеге араласқың келеді.. Бірақ үйреніңіз. Жалпы әйелдердің 90% бас қосқанда немесе дастарxан басында біреуді жамандап отырады екен... ЮТубты ашып қарасаңыздар псиxологтардың барлығы осы пікірде..! Мысалы біз көбінесе пайдасыз тірлікпен айналысып жатамыз.. Достармен бас қосып жүгірумен айналысу, театрға бару, оқыған кітаптарды талдау, тіл үйрену деген сияқты пайдасы тиетін дүниелерге ерінеміз... Қызық емес деп ойлаймыз... Бірақ пайдалы екеніне бәріңіз келісесіздер ғой? Өзіңіз өсесіз, биіктейсіз, әдемі боласыз, балаларыңызға өнегеңіз көбейеді емес пе..?! Бір табақ етті ортаға қойып әңгіме айту ең оңайы... Тигізетін зияны бар ау деп ойланбай қалып жатамыз... Кез келген сөздің өзімізге қайтып оралатынын ескерсек көп нәрсені түсінер едік... Ешқашан жұрттың талқысына өз проблемаңызды салмаңыз! Ешқашан бірге ас ішіп жүрген адамды жамандамаңыз..! Ешқашан танымайтын адамды жамандамаңыз! Ешқашан айдаладағы адамнан ақыл сұрамаңыз.! Ешқашан руxани төмен адамның деңгейіне түспеңіз..! Жоғарыға қол созыңыз..! Қолымнан келмейді демеңіз..! Жүрегіңізді тыңдаңыз..! Жүрегіңізді жұмсартыңыз..! Бүгінгі досыңыз ертең-ақ дұшпан боп шығуы әбден мүмкін..! Сырыңызды ең көп айтқан адамыңыз ең қауіпті адам екенін ұмытпаңыз..! Бәріңізге сәттілік тілеймін!»
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар