12 Декабрь
14:10
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
7 желтоқсан 11:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Айнұр Тұрсынбаева: Адам өзіне келетін несібенің жолын өзі жабады
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева адамның ойы мен сөзінің өміріне зор ықпал ететінін айтады. Ақынның айтуынша адам өз несібесін өзі кемітеді екен. Бұл туралы ойын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.


 
«Адам көп жағдайда өзіне келетін несібенің жолын өзі жабады. Ауыздан шыққан әрбір сөз сіздің өз өміріңізге жасалынатын программа. Ал біз сол программаны кішкентайымыздан дұрыс қоймаймыз. Мысалы, үйге қонақ келді. Сіздің балаңыздың қолына ақша ұстатты. Сіз бірден "алма, ұят болады" дейсіз. Ол қонақтан емес, жоғарыдан берілген ақша негізі, сіз оны алғыңыз келсе де ұяласыз! Баламызыдың өзі біреу ақша берсе "раxмет" дей салмайды, "жоқ, керек емес" деп безілдеп тұрады. Яғни блок қояды. Немесе сізге біреу қымбат сыйлық жасады. Біз көбінесе жақсы затты өзімізге пайдаланбаймыз, бірден басқа адамға сыйлап жібереміз. Немесе "несіне әуре болдың, қымбат қой" деп сөйлеп қаламыз. Яғни жоғарыға "мұндай қымбат сыйлыққа мен лайық емеспін" деген сигнал жібереміз. Жақсы букет сыйланса "кімнің туған күні" деп жанталасамыз, босқа солып қалады деп сыйлап жібереміз. Яғни одан кейін келетін қымбат букеттердің жолын жабамыз. Және бір адамдарға жақсы бір табыс табудың жолын айтып, "бірнеше миллион табыс табуға болады" десең "ой, маған 100 мың жетеді" деп күрсінеді ғой. Тағы да қате программа. "Маған көп ақша жіберме Аллам" деген сигнал төбеңізде жанып тұр.Біреулермен баспана туралы сөйлесе қалсақ "бір жатақxана немесе 1 бөлме үй алсақ жетеді" деп қашқақтап шығады. Және сол жатақxананы алады да, себебі Алла тағалам еш пендесінің сұрағанын бермей қоймаған. Сөйтіп балалы- шағалы болса да сол жатақxанада шұбырып жүре береді. Кім кінәлі? Әрине өзі. Қымбат дүкеннің қасынан өтіп бара жатсақ өліп кетсек кірмейміз. "Құрсын, удай қымбат! Ондай ақша қайдан болсын менде! Ақшам болса да мұндайды кимеймін" деп шалқайып шыға келеміз. Дәл осы жерде тартылыс заңының бетін қайтарамыз. "Мен қымбат киінуге лайық емеспін" деген сигналды Алла тағалаға айтып тұрғанымызды ұқпаймыз, яғни сондай қымбат киіну бұйырмаған күйі өмірден өтіп кете береміз. Біреудің қымбат тонын немесе бриллиантын ұстап көруге қорқамыз, тіпті киіп көріп жатсақ та тыныш тұрмай "бізге мұндай кию қайда" деп қақсап тұрамыз ғой. Адам не айтса, не жасаса соны тартады! Кез келген ұнаған затты "өзімдікі" деп қабылдап үйреніңіз. Бұйырса, бәрі де бұйырады! Сәттілік!»-дейді ақын.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    901
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии