16 Август
01:05
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 361.66
EUR/KZT: 409.51
RUB/KZT: 5.41
CNY/KZT: 52.36
Әлем жаңалықтары
18 шілде 10:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айнұр Тұрсынбаева «қыз туа бересің» дейтін азаматтарға ақылын айтты


Ақын «Періштелер күн сайын келетін үй...   Екі жас үйленген соң  әрине, асыға күтетіндері – сәби және көп жағдайда бірінші перзенттерінің ұл болғанын қалайды. Екінші, үшінші баласының да қыз екенін білген кейбір ер-азаматтар ашуланып, әйелдеріне ренжіп жатады. Ол дұрыс па?»-деп сұрақ қойып, өзі қойған сауалға қасиетті Құран Кәрім сүресі мен Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін келтіре отырып, жауап берген.

Қасиетті Құранда бұл жайлы былай делінген: «Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі мен иелігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жаратады. Қалағанына қыз береді, қалағанына ұл береді. Яки қалағанына ұл мен қызды бірге береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу етеді. Шүбәсіз, Ол бәрін Білуші, бәріне толық құдыретті» («Шура» сүресі, 49-50-аяттар). Бұл аяттармен қоса мына хадис те «қыз туа бересің» деп әйелін кінәлайтын ерлерге ең жақсы жауап болады деген ойдамыз.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер үздіксіз келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады»-деген. 
нравится:    2879
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии