11 Декабрь
17:05
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Мәдениет
2 қараша 15:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Айнұр Тұрсынбаева жол апатына ұшырады
Танымал от ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жол-көлік оқиғасына ұшырады. Абырай болғанда апаттан ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы ақын өзінің инстаграмдағы парақшасында айтып берді.


 
«10 шақты күн бұрын мен отырған көлiк тағы бiр көлiкпен соғысып айтарлықтай ештеңе болмаған соң ұмытылып кеткем... Кеше түнде Қарағанды трассасында қатты тайғақтан көлiгiмiз 6-7 рет шыр көбелек айналып, биiк трассадан секiрiп кеттi... Машинада кiшкентай 3 бала болған... Санаулы секундтар iшiнде бүкiл өмiрiм көз алдымнан өте шықты деуге болады... "Лә илаха"-ны айтам, ар жағы есiмде жоқ... Үш баланың перiштесi қақты ма, азын аулақ садақамыз қабыл болды ма әйтеуiр ешкiмге ештеңе болған жоқ... Ендi ең қызығын айтайын.... Көлiк қалың батпаққа батып қалды, түнгi сағ 12.00. Қаншама көлiктер тоқтап сүйреп шығара алмады... 112 ге хабарласып көмекке келiңдер десек, адам өлмесе бармаймыз деп қарап отыр... Аллаға шүкiр, достарымыз, бауырларымыз таң атқанша көмектесiп аман есен ошағымызға оралдық» ,- деді.
 
Сондай-ақ Айнұр парақшасында жолда аударылып жатқан 4-5 көлiкке қарап Аллаға шүкiршiлік еткендігін айтқан. Және көпшілік қауымға «ұзақ  жолға шығар қалсаңыздар көлiкке мiндеттi түрде тросс, су, нанды көбiрек салып жүрiңiздер..! Жолға шыққан жақындарыңызбен үзбей хабарласып тұрыңыздар..!»,- деп кеңес береді.

Авторы: Абай Айсара 
нравится:    1532
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии