19 Октябрь
16:49
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
27 шілде 09:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айсәуле Бақытбек: Әке-шешемнің ұрысын ешуақытта естіген емеспін


Баян мен Бақытбек Есентаевтардың қызы Айсәуле өзінің балалық шағы туралы айтып берді. Анасы үшін алаңдаған барша қазақстандыққа алғыс айтып, әке-шешесінің қарым-қатынасының қандай болғаны туралы айтып берді.

“Біз үшін алаңдап, жылы лебіз білдіріп жатқандарыңыз үшін көп рахмет. Үйлеріңіз береке мен махаббатқа толсын. Әлеуметтік желідегі үнсіздігімді жан-дүниемнің айнасы деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені, айсыз түннен кейін міндетті түрде келесі күн шуақты болады.

Өзіміздің қамқорлық пен нағыз отбасының не екенін сезініп, ешуақытта әке-шешенің ұрысын естімегеніміз үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Біз жұрттан ешнәрсе жасырған емеспіз, отбасымды да қатты жақсы көремін. Және өмір бойы жақсы көріп өтемін.

Көп адамдар менің жеке өмірім туралы сұрайды. 20 жаста біз сезімнің жетегіне еріп, алып-ұшып тұрамыз. 20 жас жастық желік басым кезең екен.

Бүгін, кеше, бір ай, екі айдан бері Айсәуленің басы бос. Ол көңілге кірбің түсірген ойлардан, сыннан, жұрттың алып-қашпа сөзінен ада. Уақыт өте келе өмір бізді есейтеді. Бұған өзіңе тамақ жасап үйренгенің сияқты емес. Есею дегеніміз – бұлттың арғы жағында шуақты күннің бар екенін түсіну. Ары қарай да жарқырап, сәуле шашудың маңызы зор”, – дейді Айсәуле.

Дереккөз: Stan.kz
нравится:    919
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии