|    |  
19 қараша 2018
22:37
қаз
Айсәуле Бақытбек: Ерлерге әйелдерін көбірек қуантуға кеңес беремін
19 қаңтар, 17:55 132
Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те елді шулатуда анасынан қалыспайды. Желідегі парақшасына жалаңаш суреттерін жүктеп, сынға қалған ол енді ер азаматтарға кеңес берді.


 
«Баласы, күйеуі бар әйелдердің маған пікір жазғанын түсінбеймін. Көпшілігінің парақшасында бақытты әйел екендіктері жазылған. Бірақ шын мәнінде бақытты әйелдер жағымсыз пікір жазбайды емес пе? Қысқасы ерлерге әйелдерін көбірек қуантуға кеңес беремін. Мен де көптеген сұлулардың парақшасын қараймын. Олар мені таңғалдырады. Әдемі, мақсаты бар әрі өздерін күтетін қыздар. Бірақ менің оларға жағымсыз пікір жазу ниетім жоқ»-дейді Айсәуле.
 
Ол сондай-ақ азаматтық некені қолдайтынын да жазған. Cуреттегі жігітпен өмірін байланыстырып, отбасын құруға дайын екенін айтады. Бірақ біраз уақыттан бері азаматтық некеде тұрғандарына қарамастан, екеуі де ресми некелесуге асықпайды екен. Қазіргі армандары ақша тауып, мақсаттарына қол жеткізу.
  
Дереккөз: Reactor
Жаңалықтар