17 Август
23:34
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
19 шілде 16:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Азамат Мұсағалиев қазақ тіліне қатысты даулы ролигі үшін ақталды
Белгілі жайдарманшы Азамат Мұсағалиев пен Нұрлан Сабыровтың қазақ тіліне қатысты әзіл видеосы ғаламторға кең тарап кеткен еді. Желі қолданушылары әзілкештерді қазақ тілін қорлады деп айыптап, сынға алған болатын. Бүгін Азамат Мұсағалиев сол ролигі үшін кешірім сұрап, ақталды. Ол мәлімдемесін Instagram желісіндегі парақшасына жазған.


 
«Құрметті достар! Бауырлар! Қазақ ағайындар! Бұл әзілді түсіргенде, қазақ тілін кемісіту немесе мазақ ету ойда да болмаған. Әзіл, кейбір қазақ тілін түсінбейтін қазақ адамдары жайында, ал ондайлар өкінішке орай бар. Яғни, сол персонаждың рөлін сомдадым. Сіздер мені түсінеді деген ниетпен жазып отырған жайым. Шын мәнісінде маған бәрі бір болса, мән бермей, барлығын өшіріп тастап жүре беретін едім. Сондықтан, түсінікпен қарауларыңызды сұраймын! Ізгі ниетпен, Ресейде жүрсе де, жүрегі қазақ деп соғатын Азамат Мұсағалиев!" – дейді автор.


 
Дереккөз: Reactor
нравится:    134
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии