18 Декабрь
18:40
Астана: -14 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
4 сәуір 09:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әзербайжан Таулы Қарабақта ұрыс қимылдарын бастады
03-04-16-karabah

Армения қорғаныс министрлігі кеше, 2 сәуір күні Әзербайжан қарулы күштерінің Таулы Қарабақ аймағымен шектесетін бүкіл шекара бойына шабуылға кірісіп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы news.am ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Ұрыс қимылдары сәуірдің 2-сіне қараған түні басталған. «Новости Армении» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әзербайжан тарапы танк, артилеррия және әуе күштерін қолданып, Таулы Қарабақтағы Армения қорғаныс шебінің ішіне қарай ендеп еніп, тактикалық позицияға шығуға ұмтылған.

Нәтижесінда Армения қорғаныс бөлімшелері бүкіл майдан шебінде қарсылас жағына тойтарыс берген.

Қазір Армения жағынан – 18, Әзербайжан жағынан 12 жауынгердің оққа ұшқандары айтылып жатыр.

Бір айта кететіні, әзербайжан әскери басшылығы мұндай шешімді елде президент жоқ кезде қабылдаған. Ал Ильхам Әлиевтің осы күндері халықаралық ядролық саммитке қатысу үшін Вашингтонда жүргені белгілі.

Сарапшылар Әзербайжан әскерилерін мұндай қадамға Түркия әскерилері итермелеп отыр, деген де болжам жасап отыр.
нравится:    622
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии