17 Август
14:02
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Экономика
16 ақпан 11:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әзербайжан Түркиямен және Қазақстанмен кедендік рәсімдерді жеңілдетеді


Әзербайжанның мемлекеттік кедендік комитеті (МКК) 2016 жылы Түркиямен және Қазақстанмен  елдер арасында алмасатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттандыру туралы келісімге қол қоюды жоспарлауда.Бұл туралы Day.Az хабарлағандай, МКК тиімділікті бағалау және даму бағдарламалары бас басқармасының бастығы, кеден қызметінің генерал-майоры Игбал Бабаев мәлімдеді.
 «Кеден саласында ІТ-технологияны дамыту стратегиясының аясында үш басым бағыт бар. Мемлекеттік кеден комитеті мен басқа елдердің кеден қызметтері арасындағы қатынастарды жетілдіру солардың қатарына кіреді. Қазіргі уақытта басқа елдерден Әзербайжанға әкелінетін және елден шығарылатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттандыру туралы келісімге Өзбекстан, Грузия, Ресеймен, сондай-ақ ГУАМ аясында Украинамен және Молдовамен қол қойылды. Қазір Түркия, Иран, Қазақстан және ТМД-ның басқа да елдерімен осындай жоба әзірлеудеміз», - деді ол.
Бабаев атап өткендей, алдын ала ақпараттандыруды енгізу шекара арқылы тауарлардың өту үрдісін жеделдетеді, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер туралы алдын ала білу және контрафактілік өнім тәуекелдерін азайту үшін тәуекел-менеджментті пайдалануға мүмкіндік береді.
Бабаевтың айтуынша, кеден органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды дамытудың тағы  екі   бағыты «бизнес-кеден» және «кеден-мемлекет» әріптестігін жетілдіру болып табылады.
Бабаев қазіргі уақытта электрондық декларациялауды енгізу жұмыстары жүріп жатқанын қосты. «Яғни, қағазды пайдаланатын жалғыз сала бұл декларация толтыру. Осы технологияны енгізсек, кеден операцияларын жүргізген кезде жүз пайыз электрондық негізге көшеміз деп айтуға болады», - деді ол. Кеден және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы қатынастарға қатысты айтар болсақ, деп атап өтті ол, осы бағыттағы барлық ақпарат алмасу электрондық түрде жүзеге асырылады.
 «Мұнда әңгіме қалай болғанда да кедендік ресімдеуге қатысатын мемлекеттік органдар жайында болып отыр.  Біздің кедендік қызметтерді басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі 14 мемлекеттік органмен жұмыс істейді. Бұл біздің базаға олар берген лицензиялар, сертификаттар, рұқсат құжаттары, бланктер, хаттар және т.б. барлық ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, осы бағыттың ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді ол.


Дереккөзі: ҚазАқпарат

 
нравится:    718
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии