21 Сентябрь
12:49
Астана: 22 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Экономика
15 қаңтар 10:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әзербайжан валютасы құлдыраған соң нан бағасын арзандатты
Көрнекі сурет.

Әзербайжан үкіметі ұлттық валюта - манат бағамы күрт арзандауынан баға қымбаттап, елде наразылық акциялары басталған соң ұн бағасын арзандатуға шешім қабылдады. 15 қаңтарда таралған мәлімдемеде экономика министрлігі импортталатын ұнға, ұн мен нанға салынатын қосымша құн салығын жоятыны айтылған. Ресми мәлімдемеде бұл шаралар нан өнімдерінің көтерме бағасының арзандауына әсер етуі тиіс делінген.

Құжатта бұған қоса нан-тоқаш өнімдерінің бағасы да белгіленген. Онда "ұн мен нанды қымбат бағамен сатқандардың жауапқа тартылатыны" ескертілген.

Мәлімдемеде бұл шаралар президент Ильхам Әлиевтің "халықты, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды манат бағамының өзгеруі себебінен әлеуметтік қорғауды күшейту" туралы тапсырмасымен жасалып жатқаны айтылады.

Дереккөзі: Азаттық
нравится:    856
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии