18 Декабрь
22:32
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
8 маусым 09:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әзербайжанда орыс тілін оқыту тоқтатылуы мүмкін
​Әзербайжанда таяу аралықта мектептерде орыс тілін оқытуды тоқтату жайын көтеріп жатқандар бар. Бұл туралы Oxu.Az порталына сүйенген ras.kz хабарлады.

01-06-16-iazyk

Мұндай идеяны көтерушілер орыс тілінің империядан қалған қалдық болып табылатынын, сондықтан одан қысқа мерзім ішінде құтылу керектігін алға тартады. «Біз, әзербайжандар, ұзақ жылдар бойы екі тіл жағдайында өмір сүріп келдік те, орыс тіліне айрықша маңыз бердік, кей жағдайларда ол ана тілімізден де асып түсіп тұрды», – дейді осы орайда Насими атындағы Әзербайжан тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Джахид Исмайылоглу. Оның айтуынша, қазіргі таңда Әзербайжанда орыс тілін дамытудың үлкен негізі бар, енді білім жүйесінде орыс секторының бола беруі әзербайжан тілінің, соның ішінде балалар әдебиетінің дамуына көп кедергі келтіреді

«Сондықтан біздің елімізде туған тілімізде білім алу ешбір баламасыз міндетті нәрсе болуға тиіс, орыс секторын жоюымыз керек, ал орыс тілін шетел тілдері қатарында оқытуға көшкен жөн. Олай болмаған жағдайда туған тілді дамытуға деген сұраныс болмай қалып, әзербайжан тілін дамыту тежеле береді», – деді ғылыми қызметкер сосын.

«Бір мысал келтірейін. Бүгінде ата-аналардың көпшілігі өздерінің балаларын орыс секторында оқытып жүргендерін әзербайжан тіліндегі мектептерді оқу құралдыры мен әдебиеттің жетімсіздігімен байланыстырады. Рас, бізде мұндай жетімсіздік бар. Бірақ дәл қазіргідей альтернативті тілде білім алу жалғасып тұрған кезде бұл жетімсіздіктің болғаны – болған, өз тілімізде оқуға деген ынта әзір туа қоймайды», – деп түйіндеді Исмайылоглу сөзін.
нравится:    643
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии