Экономика
14 қаңтар 10:29
Әзербайжанда валюта айырбасы бекеттері жабылып қалды
14-01-16-obmennik-1

Әзербайжанда шетел валюталарын айырбастайын бекеттер жабылды. Бұл туралы NEWS.am хабарлады.

«Бакуде валюта айырбасы бекеттерінің жабылуына байланысты 6 мыңға жуық адам жұмыссыз қалды», – делінген хабарламада.

Әзербайжан БАҚ-тары хабарлағандай, қазіргі таңда Бакуде іс жүзінде барлық айырбас бекеттері жұмыстарын тоқтатқан. Жалпы алғанда, осы салада жұмыс жасап жүрген 6 мың адам кәсіптерінен айрылған.

Бұдан былай Әзербайжанда шетел валюталарын тек банктер мен олардың филиалдарынан ғана алуға болады.

Дереккөзі: ras.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика