Мәдениет
9 қаңтар 16:00
Әжесі жайлы айтқан Жігер Ауыпбаев желі қолданушыларының жүрегін елжіретті
Жігер Ауыпбаев асыл әжесі жайлы айтып, желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.



Қарт әжесінің суретін желідегі парақшасына жүктеген әнші:
 
«Жаным әжем... Кішкене күнімде өз үйім мен әжемнің үйінің арасында жүгіріп өстім.Бірақ көбіне әжемнің жанында болатынмын. Уақыт өте келе Алланың қалауымен үлкен арман қуып Алматы қаласына келген едім. Ауылға күн ара бармасам да жұмыстың ыңғайына қарай айына бір рет,кейде екі айда бір барып жүретін болдым. Әже үшін әр бір немерелері тәтті болса, немерелері үшін де әже соншалықты тәтті.

Кішкене күнімде әжемнің жанында жатқанда ертегілер, аңыз-әңгімелерді көп айтып беретін. Әжем "диванда" мен жерде жататынмын.Жата салысымен ерні жыбырлап бір нәрселерді ұзақ айтады да "аумин" деп бетін сипайды.Маған сол амалы өте қызық еді.Бір күні әжемнен жатар алдында "не айтасыз?"- деп сұрап едім "Лә иләһә иллАлла,Мұһамадүр Рауслалла" деп 10 рет айтамын да "Иа Аллаһым! Жаттым тыныш, жастығым бейіш.

Өзіңнің қалауыңмен таңым атып,Өзіңнің қалауыңмен кешім батады.Түнімді тыныш,таңымды берекелі қылғайсың"-деп жатамын.Кезінде әкем осы сөзді айтып ұйықтайтын.Әкемнен жаттап осы күнге дейін айтып келемін.Сен де үйреніп ал"-деп маған да үйреткен еді.Содан бастап ұйықтар алдында кәлиманы әжем екеуміз дауыстап 10 рет айтып жататын болдық.
Мен үшін әжемнің орны бөлек.

Күні кеше ғана ауылыма барып қайттым.Осы күнге дейін жан баласына көрсетпеген самайындағы күміс шаштарын кәріліктің қарлы бораны жұлмалап,орамалының жиектерінен шығарып тастай береді.Сонда да бой бермей самай шаштарын саусақтарымен ақ орамалының астына жасырып қояды.Жаным ғой.

Жаныма бататыны,әр барған сайын әжемнің жүзінен шебер Тағдыр ойып тұрып салған әжімдердің орынын көремін де көзге еріксіз жас аламын. Ауылдан кетерде әжемнің үнемі айтатыны: "Әй Жікә,қайда жүрсең де аман бол қарағым.Кеудемде қыбырлаған жаным болмаса мен де келмес жаққа қол көтеріп тұрмын.Сен келесі келемін дегенше бармын ба?жоқпын ба? бір Құдай біледі.Аман жүр."-деп қолын жайып батасын беріп шығарып салады. Осы жолы да ақ батасын беріп,жылы сөзін айтып шығарып салды. Жаным әжем, Алла ғұмырыңызды 1 ғасырға толтырғай. Асыл әжем, ғасыр әжем»-деп жазған.

 

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика