18 Октябрь
08:09
Астана: 9 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
16 маусым 09:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әжесінің Google-дегі сұранысын жариялаған жігіттің твиті 10 мың лайк жинады

Британдық Бен Джон атты жігітке 85 жастағы әжесінің аса сыпайы әдебі твиттерде 10 мың лайк жинатты. Бен ноутбук алдына отырып, Google желісіне сұрау салған әжесінің аса сыпайылығына таң қалыпты. Қарттың бұл әдебі туралы өзгелермен бөлісуге асыққан жігіт, ноутбуктегі сұранысты суретке түсіріп, өзінің твиттеріне жариялап жібереді. «Әжемнің ноутбугын ашып қалсам, осылай деп тұр екен», - деп жазды жігіт.


Жалпы ғаламторда отырғандар тарапынан сыпайылықтың танытылуы сирек кездесетін жәйт. Ал әжей болса, Google желісін құрметтеп, сұраныс жазу жолағына: «Өтінемін, мына рим цифрлары MCMXCVIII қандай санды білдіретінін жазып жіберіңізші. Рахмет», - деген екен. Қарт адамның бұл сыпайылығы бірден жұрт көңіліне жағып, бірінен соң бірі Беннің бұл твитіне лайк қоя бастапты. Ақыры жігіт аз ғана уақыт ішінде 10 мың лайк жинап, оның бұл хабарламасы 7,5 мыңға жуық рет қайта твиттелген (retweet).  Мұнымен қоса, ғаламтор қауымдастығы әжейді «британдық сыпайылықтың үлгісі» деп танып, келешекте «егер роботтар көтерілісі бола қалса, бұл адам олардың тезінен құтылып, аман қалуы мүмкін» деп қалжыңдапты.

24.kz
нравится:    717
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии