11 Декабрь
08:02
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Кербез
9 желтоқсан 15:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әжімді азайтатын маска

Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер.

Әжімді азайтатын маска


Қажетті ингридиенттер:

- сүт;

- 3 ас қасық ұн;

- 1 жұмыртқа.

Ыдысқа 3 ас қасық ұн саламыз. Ұнға жылы сүт құйып, қоймалжың күйге енгенше ағаш қасықпен араластырамыз. Қоспаға жұмыртқаның сарыуызын салып, араластырамыз. Масканы жылы күйінде бетке және мойынға қалың етіп жағамыз. 15-20 минут демалып жата тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Арасына уақыт салмай, бетіңізге банан езбесін немесе үй қаймағын жағып, 10 минут шамасында ұстаңыз. Содан соң бетіңізді жылы сумен жуыңыз. Әжімдердің азайғанын өзіңіз де байқайсыз. Аптасына бір рет немесе екі жетіде бір рет жасауға болады.

Дереккөзі: http://islam.kz/
 
нравится:    978
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии