|    |  
25 сәуір 2019
07:13
қаз
Әжімнен арылу жолдары
07 ақпан 2019, 09:32 354


​Жасы ұлғайған сайын әрбір адам әжім, тез шаршау, ұйқышаңдықпен бетпе-бет кездеседі. Бетіңізге әжім түссе оны қалай кетіруге болады? Бұған орай талай иісмайлар жарнамаланып, ұсынылды. Алайда көбісінің дерлік нәтижесі мақсатымен сәйкес келмейді.

Назарларыңызға үй жағдайында әжімдерден арылуға көмектесетін майдың жасалу жолын ұсынамыз:

1. Екі бас сарымсақты тазартып, езіңіз. Оған өсімдік не зәйтүн майын құйыңыз (сарымсақтан 1 см көбірек болуы керек), қақпақпен жабыңыз.

2. Бір апта бойы бөлме температурасында сақтап, 3 күн бойы тоңазытқышта ұстаңыз.

3. Майыңыз тұнғаннан кейін дәке арқылы сүзіп, әдеттегі түнгі иісмайыңызға 2-3 тамшыдан қосып, пайдаланыңыз.

Нәтижесін көп ұзамай байқайсыз.


Жаңалықтар