13 Декабрь
03:50
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
9 ақпан 12:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әзірбайжан: экономикалық дағдарыс инфрақұрылымдық жобаларға кесірін тигізді

Мұнай бағасының құлдырауы Әзірбайжандағы инфрақұрылымдық жобаларға кесірін тигізіп отыр. Елде биыл өтетін «Формула-1» жарысына жоспарланған бюджет ақшасы едәуір азайған. Мұнай бағасының құлдырауы мемлекет табысының 75 пайызы қара алтын экспортына тәуелді Әзірбайжан үшін ауыр соққы болғаны сөзсіз.



Мұнда өткен жылы валюта қоры 65 пайызға азайған. Ал жалпы ішкі өнім болжанған көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып шықты. Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті: - Қазір елде кәсіпкерлікті дамыту үшін көп жағдай жасалып жатыр. Әзірбайжан экономикасының 80 пайызы жеке секторға тиесілі. Бұл – соңғы жылдарда атқарылған жұмыстың жемісі. Бүгінгі қиын жағдайда бизнесті кеңейтіп, кәсіпкерлерге жағдай жасау мен өндіріс көлемін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдануы тиіс. Сәйкесінше, ведомстволарға осындай тапсырма да берілді. Соңғы жылдары Әзірбайжан бірнеше ауқымды шараны қабылдаған болатын. 2011 жылы мұнда Евровидение ән байқауы өтсе, өткен жылы бірінші Еуропа ойындары ұйымдастырылған. Вафа Мамедова, жергілікті тұрғын: - Еліміздің абыройын асқақтатып жатқан бұл шаралардың пайдасы мол. Оған күмән жоқ. Алайда қазіргі қиын-қыстау кезеңде қаражатты одан да маңызды жобаларға жұмсаған жөн болар еді. Негізі, «Формула-1» жарысы Әзірбайжан астанасы Бакуда биыл маусымда өткізілуі тиіс. Бастапқыда темір тұлпарлар бәйгесіне 150 миллион доллар жұмсау көзделген. Алайда елдің жастар ісі және спорт министрлігі хабарлап отырғандай, оған бөлінетін қаражат көлемі жоспарланғаннан әлеқайда аз болады. Нақты сома әзірге белгісіз.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    688
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии