13 Декабрь
01:58
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
29 шілде 09:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әзірбайжан президентінің қызы жетімдер үйінен бала асырап алды
Әзірбайжан президентінің қызы жетімдер үйінен бала асырап алды


Әзірбайжан президентінің үлкен қызы Лейла Әлиева балалар интернатынан сәби асырап алды.

Енді Ильхам Әлиевтің тағы бір немересі бар деп жазады шетелдік басылымдар.

Гейдар Әлиев қорының директоры Анар Алекперованың айтуынша, Лейла Әлиева интернаттарға жиі барып, балалармен араласып тұрған.

«Осындай кездесулердің барысында Лейла Әлиева бөбектердің біріне қатты бауыр басып қалды. Ол ата-ананың қамқорлығынан айырылған қыз бала еді. Енді Лейла ханым егіз ұлдардың ғана емес, сүйкімді қыздың да анасы», — деді Алекперова.

Еске сала кетейік, мамырда Лейла Әлиева ресейлік кәсіпкер әрі әнші Эмин Агаларовпен ажырасқан болатын. Олардың ортақ егіз ұлдары бар. Ал Гейдар Әлиевтің тағы бір қызы Арзу әлі сәби сүймеген.

Дереккөзі:nur.kz
нравится:    930
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии