Әлем жаңалықтары
27 сәуір 15:27
Азиядағы ең бай адам

Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды, − деп хабарлайды Bloomberg.

Басылымның мәліметінше, Джек Маның байлығы 4,3 миллиард долларға өсіп, 33,3 миллиард долларды құраған. Рейтингте екінші орынды Dalian Wanda компаниясының негізін қалаушы Ван Цзяньлинь алды. Оның байлығы 32,7 миллиард долларға бағаланды. Азиядағы бай адамдардың ішінде Гонконг кәсіпкері Ли Кашин 29,5 миллиард доллар байлықпен үшінші орында тұр.

Кәсіпкердің шын есімі "Ма Юн", алайда ол бүкіл әлемге Джек Ма атымен таныс. Джек Ма − Қытайдағы ең бай адам. Ол − Alibaba интернет-тауар сауда-саттық сайтының негізін қалаушы. 

Комментарии




Яндекс.Метрика