Экономика
30 қыркүйек 09:33
​Азияның биржалық көрсеткіштері күрт төмендеді
Бүгін Азия нарығындағы акциялар күрт төмендеді. Ең ірі құлдырау Токионың Nikkei биржасында байқалды. Мұнда құнды қағаздар 4,2%-ға дейін құлдырады.



Гонконгтік Ханг Сенг индекстері шамамен 4 пайызға, ал құрлықтық Қытайдың ірі құнды қағаздар алаңы Шанхай Композиттің көрсеткіштері 2%-ға дейін құлады. Азия-Тынық мұхиты өңірін қамтитын биржаның да индекстері 2,8%-ға төмендеді. Азия алаңының қор нарығындағы құлдырауға АҚШ-тағы құнды қағаздардың арзандауы әсер еткен көрінеді. Себебі америкалық биржаларда кеше сауда-саттық көрсеткіштері біршама төмендеген болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, бұған Қытайдағы өндірістік өнеркәсіптердің пайдасы жөніндегі мәліметтер ықпал еткен. Тамыз айына жасалған қорытындылар бойынша, бұл көрсеткіш жылдық есеппен алғанда шамамен 9%-ға құлдыраған.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика