19 Август
18:51
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
5 шілде 12:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Б. Ыстыбаев: «Қазақстан барысын» қойып, енді «Әлем барысына» дайындаламын

Бейбіт Ыстыбаев ендігі күні «Қазақстан барысын» қойып, «Әлем барысына» барынша дайындалмақшы. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Барысы-2016» республикалық турнирінің қорытындысына арналған брифингте «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің жеңімпазы осылай мәлім етті.
 
«Осы жолы турнирден соң «Қазақстан барысынан» кететін шығармын деп айтқан болатынмын, бірақ әлі ол туралы түпкілікті шешім қабылдаған емеспін. Дегенмен, алдағы уақытта «Қазақстан барысы» турниріне күреспеуім мүмкін, дегенмен «Әлем барысына» қатыссам деген ойдамын»,  - деді Б. Ыстыбаев.
 
Оның айтуынша, келесі жылы «Әлем барысы» өтеді.
 
«Бұған дейінгі «Әлем барысын» Куба балуаны алып кеткен болатын. Сол әлі есімнен кетпейді. Кеткен есені қайтарсам ба деп ойлаймын. Тек соған ғана жұмыс істегенді жөн санап жүрмін. Сондықтан да, соңғы екі-үш жылда негізінен осы бағытта жұмыс істеп жатырмын. «Қазақстан барысы» секілді турнирлерде өзімді соған дайындық ретінде сынап келемін. Менің басты мақсатым - осы», - деді Б. Ыстыбаев.
 
 ҚАЗАҚПАРАТ
нравится:    889
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии