15 Декабрь
14:16
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
25 қыркүйек 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Багажды тасымалдау тәртіптерін білесіз бе?
Әр елде жүк багждарын тасымалдаудың тәртіптері мен талаптары бар. Сол сияқты да Қазақстанда жүкті алып жүрудің арнайы нормативтік құжаттары қабылданған. Осы ретте біз багаж алып жүрудің талаптары мен тәртіптерімен сіздерді тыныстармақшымыз.



Әуе көлігімен жүкті тасымалдаудың ерекшеліктері

Багаж - әуе кемесінің бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары. Ұшақпен ұшатын жолаушылар жалпы салмағын авиакомпания белгілейтін тіркелмеген багажды алып жүреді.



Авиакомпания багажды тасымалдауға қабылдау кезінде билетте орындар санын және тіркелген багаждың салмағын көрсетеді, бұл жолаушыға багаж түбіртегін беру болып саналады. Бұдан басқа авиакомпания жолаушыға багаждық нөмірлі белгісінің үзбелі талонын береді.
Әрбір багаж орнының салмағы 32 килограмнан және үш өлшеу сомасы бойынша мөлшері 158 текше сантиметрден аспауы тиіс. Багаж тіркелгеннен кейін оның сақталуына авиакомпания жауапты болады.

Авиакомпания, егер жүк чемодандарда, қораптарда, сөмкелерде немесе оның қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ететін басқа да орамдарда оралмаған болса, оны тіркелген багаж ретінде қабылдамайды.



Қызметтік міндеттерін атқару кезінде адамдардың өзімен бірге қару-жарақтарды, үшкір, өткір заттарды алып жүруі тек берілетін рұқсат бойынша және аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын елдің заңнамасы сақталғанда ғана жүзеге асырылады.



Қол сөмкемен  тек 1 литрден артық емес сусын алып жүруге рұқсат береді. Қол жүгіне салынған барлық заттар ұшаққа отырғызар адында көрсетіледі. Егер сіз күнделікті рейстердің бірімен ұшсаңыз онда  өзіңізбен бірге әйелдердің қол сөмкесін, нотбук, планшет, фотоаппарат және басқа да қажетті деген заттарды алып жүруге рұқсат етіледі. Ал  бюджеттік рейстерде және лоукостерде барлық заттар бір сөмкеге салынады. Және де сөмкеге салынатын заттардың салмағы ерекше бақыланатын болады.

Міне, мына заттарды қол жүгімен бірге тасымалдауға әлемнің барлық әуе компаниялары тыйым салады:

  • ойыншық қарулар, олардың макеттері, бөгеуіл, садақ;
  • пышақ, қайшы, металдан жасалған маникюрлік құралдар;
  • металл құралдар және байланған сымдар;
  •  дәрігердің анықтамасынсыз ине және шприцтер;
  • спорттық заттар: доптар, ілмек таяқтар және т.б.
  • жіптер, үлкен білдекті скотч.
Багажды жеткізу кідіртілген, ол жетіспеген, зақымданған немесе жоғалған, сондай-ақ багаж түбіртегі мен багаждық нөмір белгісінің үзбелі талонын ұсынусыз багаж берілген жағдайда тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы акті жасалады, оған багажды алушы адам мен авиакомпания қол қояды.



Багажды жеткізуде мерзімнің өткені үшін авиакомпания багажды алушыға мерзімі өткен әрбір тәулік үшін авиабилет құнының 10%-ы, бірақ жолаушының нақты тұрғылықты жері бойынша авиабилет құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейді.

Поезбен жүк тасымалдау тәртібі:



Жолаушы өзімен бірге ақысыз бір толық және балалар жол жүру құжатына 35 кг аспайтын салмақтағы көлемі үш өлшемдерінің қосындысы бойынша (100х50х50см) 200 см аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы. 
Қол жүгі болып түріне және орауына қарамастан, өзінің көлемі бойынша еш қиындықсыз вагонда қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған орындарға сиятын және оңай алып жүрілетін заттар мен нәрселер саналады. 

Багаж тасымалдануға жарамсыз орамда ұсынылған жағдайда, тасымалдаушы оларды тасымалдаудан бас тарта алады.  Багаждың орамында бүлінуіне немесе жоғалуына әкелмейтін кемшіліктер болғанда, бұл кемшіліктер туралы тасымалдау құжаттарында көрсетумен багаж тасымалдануға қабылданады.
Багажбен: 
- атқыштық қаруды, жарылғыш, улы, сасыған, инфекциялық, өрт қауіпі бар, оңай тұтанатын, өзінен өзі жанатын, есірткі және уландырғыш заттарды, оқ-дәріні және басқа жолаушылардың багажына немесе тасымалдаушыға зиян келтіретін өзге де заттар мен нәрселерді (варенье, шырындар, лактар, майлар, олифа, сырлар және т.б.); 
- бағалы қағаздарды, құжаттарды, ақшалай сомаларды, бағалы тастар мен басқа да құндылықтарды тасымалдауға тыйым салынады.

Материал trips.aviata.kz сайты материалдары негіздерінде әзірленді.
нравится:    1551
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии