22 Апрель
14:30
Астана: 14 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Авто
15 наурыз 17:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бағдаршам туралы қызықты деректер
Алғашқы бағдаршам 1868 жылғы 10 желтоқсанда Лондондағы Британ Парламенті ғимараты алдында орнатылды.



Оны ойлап тапқан теміржол семафораларының маманы – Дж. П.Найт болатын. Бағдаршам қолмен басқарылып отырды, екі семафорлық қанаты бар болатын: көлденеңінен көтерілгені «тоқта» деген белгіліні нұсқаса, 45° бұрышқа түскені – абайлап қозғалуды білдірген. Түнгі уақытта айналып тұратын газ фонары қолданылған, оның көмегімен қызыл және жасыл түсті сигнал белгілер беріліп отырған. Бағдаршам көше арқылы өтуді жеңілдету мақсатында пайдаланылды, ал оның сигналдық белгілері көлік құралдарына арналды, яғни жаяу жүргінші жүрген кезде көліктер тоқтап тұруы тиіс болды. 1869 жылдың 2 қаңтарында бағдаршамның газ фонары жарылып, оны басқарып тұрған полицей қызметкері жарақат алды.

Ал бірінші электр бағдаршамдарын ойлап табушы ретінде Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ, Юта штаты) Лестер Вайр болып табылады. 1912 жылы ол екі дөңгелек электр сигналдары бар (қызыл және жасыл түсті) бағдаршамды ойлап тапты (алайда патенттелмеді). Дихромазияға шалдыққандар (дихроматтар) түстерді қанықтығына, ашықтығына қарай ажырататыны белгілі, сапалы түрде тек жылы түстерді салқын түстерден (жасыл, көк, күлгін) ғана ажырата алады (қызыл, сарғылт, сары). Сол себепті де бағдаршам түстерінің кезекті орналасуы былайша бекітілді: қызыл – үстінде, жасыл – астында және сары – ортасында. Сондай-ақ дихроматтардың ішінде қызыл түске немесе жасыл түске де ажырату қиынға түскендіктен, қазіргі бағдаршамдардың қызыл түсі – қызғылт реңкке, ал жасыл түсі – көкшіл реңкке ие. Американың Нью-Йорк штатындағы Сиракьюс қаласының Типперэри Хилл  кварталында ирландтық қоныс аударушылар ұрпақтары мекендейді. Дәл осы жерде әлемдегі таңғажайып бағдаршам орналасқан, оның жасыл түсі төбесінде, ал қызыл түсі астында орнатылған.

Бағдаршам 1925 жылы алғаш рет орнатылғанда, Ирландияның символы ретінде танылған жасыл түс британдық қызыл түстің астында тұрғандықтан, балалар оның әйнектерін сындыра бастаған. Үш жылдан кейін билік те көніп, сигналдарды керісінше орнатуға мәжбүр болған. Бір бағдаршамның құны жол учаскесі қиындығы мен техникалық жарақтандыру шығындарын есепке алғанда 30 дан 80 мың долларға дейін жеткен. 2008 жылы «Феррари» командасы бағдаршамды жарысқа түсушіге пит-стоп кезінде сигнал беру үшін пайдаланған. Бұл жүйе толықтай автоматты түрде жұмыс істейді, тек қана Сингапурдағы гран при кезінде пит-лейн қозғалыстың көптігі салдарынан бағдаршамды қолмен басқаруға тура келген. Механик қателесіп, көпшілікке жасыл түс көрсетіп, нәтижесінде болидтен жанармай құятын шлангы алынып, кезекті оқиға орын алған болатын. Бұдан кейін топ дәстүрлі тақта формасына қайта оралды.

Дереккөз: http://i-fakt.ru
нравится:    94
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии