20 Октябрь
05:20
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
9 қыркүйек 10:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бағым Мұхитденованың журналистерге өкпесі қара қазандай
 
 
Белгілі продюсер Баян Есентаеваның туған сіңілісі Бағым Мұхитденова бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге өкпесін білдірді. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында: «Танымалдылық... Танымалдылықтың құны қымбат. Сені БАҚ пен телеарналар аямайды. Бәріне сенің ЖЕКЕ өмірің қызық. Неге? Қалай? Неліктен? Не үшін? Сауап болды, өз басына бәле тілеп алды және тағысын тағылар. Мұның бәрі ажалдан бір-ақ қадам қашықтықта болудың не екенін елестете алмайтын адамдардың пікірлері. Сіздерге Алла Баянға тілегендеріңізді еселеп қайтарсын! Телеарналардың рейтингтері өз ережелерін айғақтайды. Журналистер бір сәт ойланбайды. Оларға адамның жеке өмірін  қазбалау маңызды. Ал қазір Баян қандай күйде? Балалары мен ата-анасы қандай халде? Сіздерді тіпті Баянның әріптесі екендіктеріңіз де ұялтпайды. Егер БАҚ Баянның жеке өмірін қазбаламаса бұл сұхбат болмас еді! Бұл мәжбүрліктен берілген сұхбат. Түсінікті ғой. Бірақ біздің БАҚ пен телеарналарға бұл түсініксіз сияқты. Менің айтарым жоқ. Маған бұның бәрі ауыр...»-деп жазған. 
нравится:    1673
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии