20 Сентябрь
04:29
Астана: 7 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Спорт
13 мамыр 16:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

БАҚ: Сочи-2014 Олимпиадасы кезінде Ресей спортшылары допинг қолданған



Ресейдің допингке қарсы зертханасының бұрынғы басшысы Григорий Родченков ресейлік спортшылардың Сочи-2014 қысқы Олимпиадалық ойындары кезінде ондаған, соның ішінде 15 медаль иегерлері тыйым салынған препараттарды қолданғанын жария етті. Былтырғы жылы қызметінен кеткен Г.Родченковтың мәлімдеуінше, ресейлік допингке қарсы қызметкерлер мен арнайы күзет қызметкерлері Сочидегі Олимпиадаға жақсы дайындалып, 2014 жылғы Ойындардың барысында 100-ге жуық допинг-сынамаларын құпия түрде «тазаларына» ауыстырған, деп хабарлайды New York Times.

Родченковтың New York Times-қа хабарлағанындай, ресейлік допингке қарсы сарапшылар мен арнайы қызметкерлер допинг іздері бар несеп үлгілерін құпия түрде бірнеше ай бұрын жиналған «таза» сынамаларға ауыстырды. Олар әр түн сайын бірнеше сағаттан бір шам ғана жағылған зертханада жұмыс істеп, несеп бөтелкелерін олардың сынаққа келесі күні дайын болуы үшін қабырғадағы құпия тесік арқылы беріп отырған. Родченконың бағалауынша, Олимпиада ойындары өткізілген мерзімде Ресей спортшыларының 100-ге жуық «лас» допинг-сынамалары ауыстырылды.

Ресей құрамасы Сочидегі Олимпиада ойындарының медальдік есебінде 33 медаль (соның ішінде 13-і - алтын) иеленіп, жеңіске жетті. Родченковтың айтуынша,  ресейлік спортшылардың наградалар саны көп болуын қамтамасыз етуі тиіс адам өзі болған. 
 
 
нравится:    738
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии