24 Июнь
20:45
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 340.27
EUR/KZT: 396.31
RUB/KZT: 5.39
CNY/KZT: 52.39
Мәдениет
14 наурыз 10:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бақаеваның енесі: Бір баламды төртеу қылған Салтанатқа алғысым шексіз
Жақында шекесі торсықтай үшінші ұлын дүниеге әкелген Салтанат Бақаеваның енесі мен жолдасының қуанышында шек жоқ. Енесі мен жолдасы жүрекжарды қуанышын instagram желісіндегі toi_kazina парақшасында жеткізді.


 
"Сенуге қиын, бірақ үшінші ұлым дүниеге келді. Әкесіне тартқан. Атын әлі ойластырып жатырмыз. Әрине, қызға да, ұлға да қуаныштымыз. Дегенмен, екі ұлым болған соң қызды армандағаным рас. Біраз уақыттан кейін өз-өзіме келген соң міндетті түрде… Қыз керек өзіме тартқан. Сондықтан Алла қаласа ол күнге де жетіп қалармыз”, – дейді Салтанат ағынан жарылып. “Түнгі 12-де перзентханаға апарып тастадым, сосын таңға дейін ұйықтамадым. Таңғы сағат 5 шамасында қуанышты хабарды естідім. Қуаныштымыз. Қыз бола ма деп едік, ұл болды. Енді келесісін күтуге де себеп бар”, – деп күлді актрисаның күйеуі Нұржан.
 
Ал Бақаеваның қайын енесі үшінші перзенттің ұл болғанына ерекше қуанышты екенін жеткізді. Оның себебін Нұржанның анасы былай деп түсіндірді: “Аналар қалай қуанса, мен де солай қуандым. Бірақ немере деген одан да тәтті болады. Қуанышы үлкен. Қазір қызымды, келінімді, балаларды – бәрін құттықтап жатырмын. Бірақ бірінші кезекте Салтанатқа рақмет айтқым келеді. Неге дейсің ғой? Менің бір ұлым мен екі қызым бар. Енді сол бір балам төртеу болды. Мен соған қуаныштымын”, – дейді Салтанаттың екінші анасы.
 

“Сенуге қиын, бірақ үшінші ұлым дүниеге келді. Әкесіне тартқан. Атын әлі ойластырып жатырмыз. Әрине, қызға да, ұлға да қуаныштымыз. Дегенмен, екі ұлым болған соң қызды армандағаным рас. Біраз уақыттан кейін өз-өзіме келген соң міндетті түрде… Қыз керек өзіме тартқан. Сондықтан Алла қаласа ол күнге де жетіп қалармыз”, – дейді Салтанат ағынан жарылып. “Түнгі 12-де перзентханаға апарып тастадым, сосын таңға дейін ұйықтамадым. Таңғы сағат 5 шамасында қуанышты хабарды естідім. Қуаныштымыз. Қыз бола ма деп едік, ұл болды. Енді келесісін күтуге де себеп бар”, – деп күлді актрисаның күйеуі Нұржан. Ал Бақаеваның қайын енесі үшінші перзенттің ұл болғанына ерекше қуанышты екенін жеткізді. Оның себебін Нұржанның анасы былай деп түсіндірді: “Аналар қалай қуанса, мен де солай қуандым. Бірақ немере деген одан да тәтті болады. Қуанышы үлкен. Қазір қызымды, келінімді, балаларды – бәрін құттықтап жатырмын. Бірақ бірінші кезекте Салтанатқа рақмет айтқым келеді. Неге дейсің ғой? Менің бір ұлым мен екі қызым бар. Енді сол бір балам төртеу болды. Мен соған қуаныштымын”, – дейді Салтанаттың екінші анасы.

Публикация от Той Қазына???????? (@toi_kazina)


Дереккөз: Reactor
нравится:    291
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии