|    |  
20 тамыз 2019
12:28
қаз
Бақша өрмекшісі шағып алған көп балалы ана бөксесінің бір бөлігінен айырылды
06 қыркүйек 2017, 11:46 37
Ұлыбританиядағы Беркширде тұратын 27 жастағы 4 баланың анасы Лорен Бодты әжетханаға кіргенде өрмекші шағып алған. Жамбасындағы қызыл дақты байқаған әйел әуелде оған мән бермеген. Бірақ келесі күні бөксесі қатты ісіп кеткендіктен дәрігердің көмегіне жүгінген.



Ауруханада дәрігер Лоренге дәрі жазып беріп үйіне қайтарған, нәтижесінде әйелдің жағдайы мүлдем нашарлады. Екі күннен кейін ол қайтадан ауруханаға түсіп, бұл жолы дәрі тамызғыш пен хирургтың көмегінсіз болмаған. Хирургқа зақымдалған дененің 7 см бөлігін кесіп тастауға тура келген.



Мамандар Лорен Бодты тексеріп жатқанда өрмекші оның бұрынғы сүйіктісі мен балаларының бірін шағып үлгерген, олар да ауруханаға түскен. Соңында мәселеге жауаптыны тауып аяқ киіммен басып өлтіріпті. Ол Dysdera crocata түріндегі өрмекші болып шыққан. Мамандар әдетте мұндай өрмекшілердің шағуы үлкен зардапқа әкеп соқтырмайтындығын, Бодд әулетінің жолы болмағандығын айтып отыр.



The Sun-ға берген сұхбатында Лорен қазір көзіне көрінген барлық өрмекшіні өлтіретіндігін айтуда.

«Мұндай жағдай тропикалық елде емес, бізде болуы мүмкін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті», - деді Лорен сұхбат барысында.

Дереккөз: https://life.ru


Жаңалықтар