|    |  
14 желтоқсан 2019
09:47
қаз
Бақытбек Есентаев бостандыққа шығуы мүмкін (ВИДЕО)
15 қараша 2016, 18:32 65

 
Жақында ғана кішкентайлы болған әнші Аша Матай өзінің instagram-дағы парақшасына әкесінің сұхбат беріп отырған видеосын жүктеді. «Менің әкем Марат Төкенұлы НТК арнасына сұхбат беруде» - деп жазған әнші.

Ашаның әкесі Марат Асқарбеков адвокат. Баян Мақсатқызының жездесі. Бажасы Бақытбек Есентаев Баян Мақсатқызын соққыға жығып істі болғанда, балдызының мүддесін қорғаған. Сот мәресіне жетіп қалғанда продюсердің Бақытбекті кешіргенін хабарлаған да осы кісі болатын.

Бұл сұхбатында Марат Төкенұлының кімге қатысты сұхбат беріп отырғаны айтылмаған. Бірақ  видеоны құлақ қойып тыңдасақ, бажасы Бақытбек Есентаевты абақтыдан босатып алуға ниетті екенін байқауға болады.

«Басында ашумен, басқа да жағдайларға байланысты жазылған мәселе. Өкінішті, әрине.  Бірақ енді жазылып кеткен нәрсеге де мән беріп қарау керек, зерделеу керек. Қалай болған күнде де жеңіл жағын қарастыру қажет. Қазір біз бір ойдамыз. Негізі бостандыққа шығуға мүмкіндігі бар. Соған өзіміз үміттеніп отырмыз» - дейді Асқан Төкенұлы.
 


 


Жаңалықтар