|    |  
07 желтоқсан 2019
11:23
қаз
Бақытты болу үшін сізге не жетіспейді?
19 қараша 2019, 17:10 39



Бақыт әркім үшін түрлі нәрселермен өлшенеді. Сіздің өміріңізде бақыт үшін барлығы бар сияқты болса да, ылғи бір нәрсе жетіспей тұра ма? Тесттен өтіп, сол нәрсені анықтаңыз.

Сізге әрқашан не жетіспейді?

1.Ақша

2.Махаббат

3.Уақыт

Көбінесе не үшін өкінесіз?

1.Жіберіп алған мүмкіндіктер жайлы

2.Кейбір себептермен араласпай кеткен достармен үзілген қарым-қатынас жайлы

3.Жоғалған заттарыңыз туралы

Сізде мыналардың қайсысы жоқ?

1.Жеке көлік

2.Сүйікті адам

3.Күнделік

10 жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз?

1.Бай ауқатты адам ретінде

2.Көп балалы ана не әке ретінде

3.Жағажайда демалыста

Достарыңыз сізді қандай адам деп сипаттайды?

1.Мақсатқа ұмтылғыш

2.Сүйкімді

3.Тұйық

Сізде не көп?

1.Жоспарлар

2.Қорқыныштар

3.Істер

Нәтижелері

1 жауабы басым болса

Сізге толық бақыт үшін бостандық жетіспейді. Тым көп жұмыс істеп, мансапқа көп көңіл бөлесіз. Сол себепті жұмыстан басқа қызығушылықтарға да уақыт бөлген дұрыс. Біріншіден, демалыс алып, алыс сапарға барып келіңіз. Ортаны ауыстырып, демалып, өзіңізді тәуелсіз сезініп, сергіп қаласыз. Болашақта демалысқа уақыт таба біліп, оны жұмысыңызбен үйлестіріп үйреніңіз.

2 жауабы басым болса

"Бақыттымын" деп айту үшін сізге тек махаббат қажет. Неге екені белгісіз, сіз әлі өз жартыңызды таппадыңыз және осы мәселе сізді қатты толғандырады. Жақсы жаңалықтар ойланбаған жерден келеді, махаббат та сізге төбеден түскендей болады. Сондықтан ол жайлы ойланғанды қойып, әзірше орын алған жалғыздықты барынша қолданыңыз. Уақытты жұмысқа, сабаққа бөліп, қызығушылықтарыңызбен айналысыңыз. Өз-өзіне қызық бола алаған жан басқалардың да көңілінен шығары анық.

3 жауабы басым болса

Бақыт үшін сізге керегі – тәртіп. Сіз көп уақытыңызды бос, қажет емес істерге құртасыз. Жинақы жүріп, уақытқа ұқыпты қараңыз. Ең біріншіден, өзіңізге күнделік арнап, онда жасалуға тиіс істер тізімін жазып жүріңіз. Ол сізге өз уақытыңызды жоспарлауға көмектеседі.

Ал сізге бақыт үшін не жетіспейді екен?


Жаңалықтар