|    |  
21 қараша 2019
05:42
қаз
Бала бас сақинасына шалдықса не істеу керек?
05 қараша 2019, 11:05 71
Қандай ауру болмасын оны емдік тағамдармен емдеу тиімді амалдардың бірі болып табылады. Ғалым-дәрігерлердің дәлелдеуінше, бас сақинасы ауруы (мигрень) аллергияның бір түріне жатады. Сондықтан бас сақина ауруына шалдыққан балаларға мынадай ем-дәмдер беріледі.



Ем-дәмді айтпай тұрып, ауру жайлы айта кетсек. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сонымен қатар жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді. Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Алайда бас ауруының барлық түрі бас сақинасы болып саналмайды. Аптасына 1-2 күн, не күнде басыңыз ауырса, бұл бас сақинасы ауруына шалдыққандығы жайлы ақпар береді. Аурудың ұзақтығы 2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасы кезінде басыңыз жиі ауырып, кейде дәрі де көмектеспейтін дәрежеге жетеді. Көбінесе мұндай ауруға 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар ұшырайды. Аурудың неден пайда болатыны әзірге белгісіз, бірақ көбінесе жұмысты ойлауды қажет ететін адамдардың осы аурумен ауыратыны анықталып отыр. Бас сақинасына тән ерекшелік: бастың бір бөлігі ауырады, көбінесе самай мен маңдай тұсында және көз айналасында пайда болады. Ауырған адам жарық пен дыбысты жақтырмай, көз көруі қиындап, жүрегі айнып, құсуы да мүмкін.

Ал балалар бұл ауруға шалдыққан болса, оның бірден алдын алу керек. Себебі ауру асқынып кетер болса, мәселенің қиындағыны. Үй жағдайында жасалатын төмендегі ем-домдарды назарларыңызға ұсынамыз.

1. Иондалған су: 4-5 жасар балаға 1,2 литр; 8-9 жасар қыз балаға 1,6 литр, ұл балаға 1,8 литр. Күніне осындай литр су берсеңіз, бастың сақина ауруын емдеуге септігі тиеді.

2. Нақты арнайы тағамдар: бауыр, бүйрек, қызылша, бақбақ, болгар бұрышы. Ғылыми тәжірибиеде бас сақинасы ұстаған балаларға 90 күндей аталған тағамдарды бергенде, олардың 60%-ы бас сақинасы ауруынан құлан-таза айығып кеткен.

3. Майсыз тағам берілуі тиіс. Себебі майлы тағам бастың сақина ауруын қоздырады.

4. Магний микроэлементіне бай тағамдар: теңіз балығы, теңіз қырыққабаты, жасыл жапырақты жемістер.

5. Емдік тағамдарға магний микроэлементіне бай «Цитрат» деген биологиялық белсенді қоспаны қосып беру керек.

Ескерту: соңғы кездерде балалардың күнделікті қолданатын тағамдары арасында қант, май сияқты ағзаға магний микроэлементтерінің сіңірілуін тежейтін тағамдар жиілеп барады. Сол себепті оларды шектеген дұрыс.

6. Бала түнде жақсы тынығып ұйықтауы керек. Күндіз таза ауада жүрген де емнің шипасын толықтырады.

7. Басында сақина ауруы бар балаға жұмыртқа, кәмпит, банан, кофе, какао, жаңғақ, апельсин, қызанақ, ірімшік, шұжық және кока кола, фанта сусындарын беруге болмайды.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар