Кербез
1 мамыр 12:26
​Бала бойында туындайтын қарсылықтар

Кезекті жұмысқа баланың бойынан қарсылық туындаса не істеу керек? Бұл жағдайды дұрыстап шешу үшін қандай әрекеттерге бару қажет? Біздің тұрақты оқырмандарымыздың бірі, экономист Марина Аксенова ашусыз тәрбиелену тәжірибесімен бөліскенді дұрыс көріп отыр.

— Бұдан біраз уақыт бұрын мен балаларға жиі ашуланып, бұл қиын сезімге әкеп соғатын. Мәселен, он алты жастағы біреуінде гормоналдық өзгерістер орын алуы ықтимал, сол себепті көңіл күйі де жиі өзгереді. Ал екінші төрт жасарда өзінің еркелігі бар, өз-өзіне сенімділігі жоғары.
Осылайша біздің отбасымызда балалардың мінезі көрініп отырды. Алайда бұл қарым-қатынасты шешудің, балаларға ұрсудың себебі емес.
 
Алғашқы ереже: себебін анықтау

Өзіңіз үшін үйрену керек ең маңызды постулат - балаңыз сізді жек көргендіктен бұзық болмайды, оның қандай да бір себебі бар. Мұндайда әрине, тыныштық сақтау қиын екенін түсінемін, кейде мұндай ауруға жауап бергің кеп тұратыны және бар. Мұндай жағдайларда үзіліс жасауға тырысып, эмоцияларды тыйып, өзіңізге неге? деген сұрақ қойып көріңіз.  Егер сіздің тілегіңіз шынайы болса, онда жауап табылары анық.
Бірде менің кішкентай балам күтпеген жерден дайындаушы мұғалімге баруға бас тартты. Ерік-күшімді өн бойыма сақтап, түсіндіріп көріп жатырмын. Менің тарапымнан екі-үш рет байқап сөйлесіп көргеніммен, баланың шаршағандығын байқадым. Мектепте екі апта бойы өте ауыр болды - бақылау, БМЕ сынағы – оның жүйкесі тыншымады әрі ұйықтамады. Нәтижесінде бұзылып, толықтай күйзеліп отыр.
Тәрбиешіге соғылған қоңырау мен үш күндік шағын демалыс жағдайды реттеді. Ұлым тынығып алып, жаңа күшпен оқуына кірісті. Бұдан кейін мұндай олқылықтар орын алмады.
 
Екінші ереже: кез келген «сыйға» дайын болу

Көбінесе күтпеген жағдайлардың орын алуы өз-өзіңе ие бола алмауға жол ашып жатады.  Күн сайын қызымыз екеуміз балабақшадан үйге қарай бір жолмен серуендеп қайтатын сияқты едік.
Бұл баланың өте қызықты кезеңі, сондықтан қызымның түрлі қызықты әңгімелерін тағатсыздана күтемін. Бір күні дәл сол «қызықты» әңгімеміздің сиқын жақын маңда орналасқан тәтті сататын дүкен бұзды. Өзін дәл осы кезге дейін байсалды ұстап келген қызым сол бір сәттен бастап өзіне шоколад әперуімді бұйырып, тұрып алды. Қарсы болуым бастапқы кезде ызыңға, артынша айқайға ұласты.
Әрине, бұл жағдай жаңа қалыптасқан құбылыс емес. Балалар көбіне дәл осы агрессия арқылы өз дегенін істеткісі келеді. Бір жаманы, бәрі осыған дейін керемет болғаны. Аяқ астынан ұрыс шыға келді! Көшенің қақ ортасында және жағдайдың басылар түрі көрінбейді.
Мұндай кезде не істеу қажет? Кез келген уақытта бір нәрсе ойдағыдай болмауы мүмкін деген құбылысқа дайын болғандарыңыз дұрыс. Сол себепті шегінер жолды да ойлау керек. Мәселен, мен өз ханшайымымның сезімін ретке келтіруді өзім білемін. Бірінші кезекте оны құшағыма аламын, аяушылық танытамын, сосын көңіл аудару қажет. Дәл осы сәтте оны жақсылап көндіру ең маңыздысы.
Біреулерге жұмбақ ойын көмектеседі, кейбіріне жақын арадағы ағашқа дейін жүгірген көмектеседі. Бір танысымның айтуы бойынша оның ұлы істі тек жауаптысың деп қана істете алады екен, басқа нәрсені айтса тіл алуы өте қиын дейді. Ол өзінің «концертін» бастай салысымен, анасы да оған ат салысуға тура келеді екен. Сөмкесін ашып, бет орамалын жерге құлата салса, бала оны көре салысымен жылағанын ұмытып, көмектесуге жүгіріп кетеді екен, осылайша оның қырсықтығы басылады...
Бастапқы кезде бір тетікті іздеп отыру ерсі көрінері сөзсіз. Сондықтан баланың назарын аудару үшін тағы да бірнеше тетіктеріңіздің болуына кеңес беремін. Дегенмен шынығу өз дегенін жасайды, уақыт өте келе сол сәтте ойдан шығара алатын адам болып шыңдалып шыға келесіз.  
 
Үшінші ереже: нәтижеге бел байлау

Мен үшін ең қиыны келесі жайттарды түсініп, оны қабылдау болған сияқты. Ересектер мен балалар арасында кез келген жанжал – бұл «кім кімді түзейді» немесе «мен қалай айттым, солай болады» дейтіндей жекпе-жек емес. Бұл жағдайдағы сіздің басты мақсатыңыз – беделіңізбен басып-жаншу емес, керісінше нәтижеге қол жеткізу.
Таяуда балалардың ертеңгілік шарасында рөлдерді бөлу барысында қызыма иттің рөлі берілді. Ал ол болса ханшайым болғысы келді. Көз жасы мен «қаламаймын және болмаймын да» деп айтатын сәттің де көп күттірмегендігі түсінікті. Жеке өзі білетін беделін алдыға салып, өз айтқанын істететін де аналар бар.
Менің жағдайымда, мұндай талпыныс еш нәтиже бермейді. Барлық уақытта солай болған. Менің тарапымнан күрт дөрекілік налу мен көз жастың төгілуіне алып келеді. Дегенмен, егер бұрынырақ  біз қаламайтын нәрседен бірден бас тартатын болсақ, ендігі уақытта баланы қызықтырудың басқа тәсілін таптық.
Ит рөліне қатысты жайтта да тура солай болды. Біз өмірде осынау төрт аяқты жануардың қандай қайырымды екендігі, адамдарға қалай көмектесетіндігі, соқыр адамдарды қалай жолдан өткізетіндігі, суға батып бара жатқан адамдарды қалай құтқаратындығы туралы жан-жақты әңгімелейтін кітапты таптық. Менің ит рөлінен ат-тонын ала қашқан қызым осынау тіршілік иесіне деген сүйіспеншілігі оянып, қойылым барысында оны зор ризашылықпен орындады. Бұған қоса, содан бірнеше ай бұрын табылған ескі әрі тозығы жеткен пүліш ит оның жақсы досына айналды.
Әрине, аналардың кез келген уақытта мұндай проблеманы шешуі үшін шыдамдылық танытуына күштері жете бермейтіндігі анық. Біз бала қыңырлығын бірден әрі тез арада «былай істе», «мен қалай айттым, солай болады» деп тыйып тастағымыз келеді. Әсіресе бала жұрт алдында концерт қойған кезде...
Алайда, ол менің балам ғой және өтіп бара жатқан адамдардың жақтырмаған көзқарастары мен жанашыр әжелердің «балаңызды тыңдата алмайсыз ба?» деген ескертулерінде шаруам қанша. Ең маңыздысы дәл қазір бала арқылы өзіңді таныту емес, проблеманы шешудің оңтайлы жолын табу ғой. Қызымды оның қалауынсыз қырсық иттің рөлін ойнатқаныммен, мен оның алдағы уақытта мұндай қойылымдарға қатысуға деген ниетін жойып жібермеймін бе?
 
Төртінші ереже: ашуды түбімен жою

Біз де адамбыз, сол себепті салмақ та жұмыс та жиналып жатады. Кей кездері баланы ыңғайына жыға алмайтын кездер де болады. Мұндай кездері алдыңғы айтылғандарды бала өмірінде пайдалануға кеңес беремін. Ашуға берілу жақсы нәтиже бермесі белгілі.
Бұл тек қана кішкентай балаларға ғана қатысты емес, жасөспірімдерге де қатысты. Сізді естігенін қаласаңыз — ашуыңызды қайырымдылыққа алмастырыңыз. Ананың жау емес, керісінше дос екенін ұққаннан кейін баламен тіл табысу жеңіл болары анық.
 
Бесінше ереже: уақыттың болуы

Өзімнің тәжірибем бойынша, артық уақыттың болуы бұл шиеленістердің алдын алатыны белгілі.
Біріншіден, бала өзін керексіз санамайды, анасы оған жақсы назар аударады. Барлық мәселені сол жерде шешпей, ойлануға мұрша болады.
Екіншіден, шиеленісетін жағдай туындаған күнде де оны асықпай шешуге уақыт бар.
Ең маңызды нәрсені назардан тыс қалдырып алмаңыз. Өйткені таразы басында сіздің балаңыздың дағдысы мен көңіл-күйі тұр, бұл дегенің отбасындағы жайлылық

Дереккөзі:​www.wh-lady.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика