|    |  
17 қаңтар 2019
13:54
қаз
Бала-шағасының көзінше әйелінің басын кесіп алып, тоңазытқышқа салып қойған
18 желтоқсан 2017, 16:44 307


АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны өз балаларының көз алдында әйелінің басын кесіп тастағанын мойындағаннан кейін 52 жылға сотталды, деп хабарлайды New York Post.

24 жасар Дэвид Даузат әйелі Наташаның туыстарына хабарласып, оны өлтіргенін айтқан.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері бірнеше жерден жарақаттанған әйелдің өлі денесін және үсті-басы қанға малынып отырған ер кісіні тапқан.

Оқиға ерлі-зайыптылардың трейлерінде (көлікке тіркелген вагон-үй) орын алған. Оған бір және екі жастағы балалары куә болған. Кішкентай бүлдіршіндердің көзінше әкесі олардың анасының басын кесіп алып, тоңазытқышқа тоғытқан.

Балалар оқиға кезінде зардап шекпеген. Аталмыш жайтқа не себепші болғаны әзірше бәймәлім күйде қалып отыр.

Дереккөзі: lenta.ru


Жаңалықтар