20 Октябрь
05:43
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
15 шілде 12:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бала сүндеттеуді патенттеп алды


Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының дәрігері бала сүндеттеуді патенттеп алды.

«Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі – бала сүндеттеу бүгінге дейін патенттелмеген екен. Соны жақында ұлым – Әділет Ерназаровқа заңдастырып бердім. Бұл істі жүзеге асыру үшін ол Израильге барып, біліктілігін арттырып келді. Заңдастыру арқылы қазақтың дәстүрін өзгелердің иемденуіне жол бермедік деп ойлаймын. Ол үшін біз ешкімнен ешнәрсе алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта медицинада бала сүндеттеу Әділет Ерназаровтың тәсілі деп аталады. Бұл медицинада бұрыннан бар әдіс», – деді Әзірет Ерназаров.

Ihsan.kz сайтының хабарлауынша, Израильде де балаларды сүндетке отырғызады екен. Айта кетерлігі, бұл істі сәби туылғаннан кейін үш күннің ішінде жүзеге асырады. Ал сәби жыламас үшін емізікті шарапқа батырып емізіп, шақалақты ұйықтатып тастайды.

Бүгінде медицина күн санап дамып келеді. Сәйкесінше, бала сүндеттеудің әдістері де жаңаруда. Қазір жұртшылық лазермен кесу деген күйдіру тәсілімен жасап жүр. Бұдан еш қан шықпайды, бала да ауырғанды сезбейді.

Дереккөз: egemen.kz
нравится:    633
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии