23 Август
19:38
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
21 қыркүйек 10:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«BALA TURKVIZYON» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Күні кеше өткен «Bala Turkvizyon» байқауының жартылай финалында көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз финалға жолдама алған еді.

Көптен күткен ән додасын көпшілік «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалады. Естеріңізде болса, белгілі өнер шеберлері жартылай финалға қатысушыларды маусым мен тамыз айларының аралығында іріктеген. Сөйтіп олар жеке-жеке өрендердің талабын қомдап, шабытын шыңдау арқылы бүгінгі сайысқа дайындады. Ұлттық іріктеу кезеңін Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырды. Ал бас ақпараттық демеуші ретінде «Хабар» агенттігі қолдау көрсетті. Ал «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сыны бүгін өз мәресіне жетті. Осы байқауда Нұржан Керменбаев жетекшілік еткен қарағандылық Тұрсынхан Еркін 34,5 ұпаймен жеңімпаз атанды. Енді ең үздік өнерлі өрен желтоқсан айында Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін «Bala Turkvizyon» байқауына қатысады.

Ж­еңімпаз Жезқазған қаласында тұрады, №1 о­рта мектептің оқушысы. Оның арнайы музык­алық білімі жоқ болса да, ән салуды жақс­ы көреді.  Алты жасы­нан ән айта бастаған Еркін Майкл Джексон­ және Джастин Бибер сияқты әлемге таным­ал поп әнші болғысы келеді.




Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    752
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии