18 Декабрь
20:47
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
23 мамыр 11:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Балалар фильмі жаңа туындымен толықты (ВИДЕО)
Жуырда  «Сарыарқа» ойын-сауық орталының кино залдарының бірінде  қалмақ халқының түйе туралы аңызы негізінде түсірілген « Аспанда туған түйе» атты толық метражды  балалар фильмнің Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі өтті.



2015 жылы түсірілен фильмнің режиссері Юрий Фетинг өзінің тың картинасында адал да, риясыз балалық шақтың көріністерін боямаламау, дәл сол қалпында бере білген. Басты рөлде ойнаған актерлердің де сөйлеген сөздері барынша шынайы және картина оқиғаларымен үндес шыққан.
 
Қалмақ  халқында  түйе суретін бейнелейтін бұлттар сәттілік әкеледі деген аңыз кең тараған.  Алтынка деп ат қойылған кішкентай бота осындай бұлт астында туылады.  Сондықтан да оны барлығы қасиетті, сәттілік әкелетін жануар деп есептейді.
Күндердің күнінде басқа жақта түсіріліп жатқан фильм кезінде ақ бота аяқ астынан  өліп қалады. Түсіру тобы оны алмастыратын жануарды іздейді.  Кино түсіруші маман алыс жерден келіп, Доржи есімді кедей шопаннан жоғарыда айтылған Алтынканы сатып алады.
Өркениеттен алыс қоныс тепкен қарапайым отбасы  үшін түйенің маңызы жоғары. Егер түйе болмаса тіршіліктің мәні болып есептелетін суды да құдықтан тартып шығару мүмкін емес. Сондықтан бір отбасының тіршілігі осы түйеге қарап отыр. Әкесі мен шешісі  үйде болмаған кезде ботасынан бөлініп қалған аруана  боталап, қорадан қашып кетеді. Оны Доржиидің 12 жасар ұлы Баир  әкесінің ескі мотоцикліне мініп іздеуге шығады.



Түйесін іздеп жүріп түрлі қиыншылықтарға жолығады. Ақкөңіл, адал Байрдың алдынан сенімді достар кездеседі. Фильмнің соңында Байр өзінің түйесін тауып, сүйікті ботасымен қауышады.

Балаларға арналған бұл картина қазірдің өзінде көптеген халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жеңімпаз болып танылды. Атап айтсақ, ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің «Киношок» 24-ашық кино фестивалінде, Алматы қаласында  өткен «Еуразия» 11-халықаралық кинофестивалінде,  Үндістанда өткен «ICFFI – Golden Elephant» 19- халықаралық фестивалінде «Үздік балалар фильмі» номинациясын жеңіп алды.
 
Балалықтың бал кезеңдерін барынша шынайы суреттейтін, адамдық, ізгілік, достық қасиеттерін паш ететінің туындының  кейінгі толқын үшін тәрибелік мәні зор.





Авторы: Абай Айсара
нравится:    886
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии