23 Август
19:41
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
15 қыркүйек 12:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Балалар ұрлыққа түсіп, ұрлаған заттарының тізімін жазып кеткен

 
Хьюстонның оңтүстік-батысында оқушы балалар өзгенің үйіне ұрлыққа түсіп, ұрлаған заттарының тізімі мен бұл қылмысқа неліктен барғандықтарын жазып хат қалдырып кеткен.
 
Үй иесі Джозеф Альварадо ойнайтын консоль PlayStation 4, екі контроллер мен қызының ноутбугын таппай қалған.
 
Сорақысы сол, бала қолымен жазылған хат тауып алған. Хаттардың бірінде келесідей жазу бар: «Мен сенің заттарыңды ұрладым. Себебі менің ағам бұны жасама деген». Ал екіншісінде ұрлап әкеткен заттарының тізімін жазыпты.
 
Жәбірленуші орта мектепте маманданған оқытушы болып жұмыс істейді екен. Дұрыс таңдау жасамаған тәрбиесі қиын балалармен жұмыс жасайды.
«Соңында бұл менің басыма түсті»-дейді оның өзі.
Ол құқық қорғау органдарына арыз жазып, үйінің қауіпсіздігін күшейткен.
 
Дереккөз: Лента.ру
 
нравится:    832
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии