22 Сентябрь
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
2 тамыз 14:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Балалардың велосипедпен жолда жүруіне тыйым салынуы мүмкін

 
«Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» заңына өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының аясында балалардың велосипедпен қауіпсіз жүруі, оның ішінде 14 жасқа толмаған балаларға велосипедпен жолда жүруге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары Н.Дулатбеков пен В.Олейниктің сауалына берген жауабында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлаған.
 
Министрліктің балалардың қауіпсіздігіне қатысты берген мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 1-10 қыркүйек аралығында білім беру мекемелерінде ІІБ қызметкерлерімен бірге «Назар аударыңыз, балалар!», «Назар аударыңыз, жаяу жүргіншілер жолы!» деп аталатын ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар, «Ата-ана, балаңыздың өмірін қорғаңыз!», «Балалар, жолда абай болыңдар» және «Сіздің жолаушыңыз – бала!» деп аталатын оқыту акциялары өткізіледі. Мектептердің тәрбие жұмыстарының тізіміне жолдағы қауіпсіздік ережелерінен хабардар ететін сынып сағаттары және т.б. енгізілген. Бастауыш сынып оқушылары үшін жеке маршрут парақтары әзірленген.
 
Бұдан бөлек, ІІМ мәліметі бойынша, республикадағы мектептердің 85 %-да жас инспекторлар жасағы бар. Сонымен қатар балалардың жолдарда жарақат алуын азайту мәселесінде ата-аналардың құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыру үшін білім беру ұйымдары «балалардың қауіпсіздігі – ата-ананың қамқорлығы» атты акция ұйымдастырады.
 
Дереккөз: ratel.kz
нравится:    664
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии