20 Ноябрь
15:47
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
27 мамыр 10:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Балаларың болса айырылысу қиын -Нұрлан Әлімжанов
7 арна тілшісі Майя Бекбаеваның “Моя история” бағдарламасында Нұрлан Әлімжанов жұбайы Жансаямен айырылысуы оған оңайға тимегенін айтты.



Өзінің балалық шағы мен өнер жолы туралы әңгіме бастаған Әлімжанов бағдарлама соңында жеке өміріндегі қиындықтар жайлы айтып, ағынан жарылды.

“Жұбайым Жансаямен 2006 жылы таныстық. Сол жылы отбасы құрдық. Бұл алғаш көрген сәттен туындаған махаббат болатын. Мен үш күн достығымыздан кейін ұсыныс жасадым. Біздің ортақ 3 баламыз бар. Екі ұл бала мен бір қыз бала. Үлкенінің есімі Ғабдулла. Ол 8 жаста. Ортаншысы – Нұрмұхаммед. Ол 7 жаста. Және кіші қызым Томирис 5 жасқа келді”, – деді әртіс тілшіге.

Әлімжанов жарымен жолы екі бөлек кеткенін де растады.

“Иә. Бұл рас. Мен шынымен өмірімдегі қиын кезеңді бастан өткерудемін. Жанұяңда балалар болса екі есе ауыр болады екен. Қазақтар мұндайды “дәм-тұзымыз жараспады” деп түсінідіріп жатады. Ол өте жақсы жан. Жансая туралы жаман сөздер айтудан аулақпын. Некеге дейін ғашықтар арасын махаббат пен құштарлық байланыстырады. Ал отбасылы болғанда барлығын тұрмыс шешеді. Түсініспеушіліктерді адамгершілік, шыдамдылық пен ақыл шешеді. Ал бұлар болмаған жағдайда қарым-қатынасқа сызат түседі. Мен өзімді мінсіз жан санамаймын. Бірақ өз балаларыма әкелік парызымды өтеп, қашанда қастарынан табылуға тырысамын. Мен оларды қатты жақсы көремін”, – деді сөз соңында әнші.

Танымал әртіс әрі әнші Нұрлан Әлімжанов “Небо моего детства”, “Путь лидера”, “Разрывая замкнутый круг” фильмдерімен талайдың назарына іліккен болатын.
нравится:    1832
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии