19 Ноябрь
22:15
Астана: -2 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
13 қыркүйек 15:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Балаларына тым қатал әзілдейтін ата-ананы 5 жылға соттады
Бұрынырақ оларды ата-ана болу құқынан айырып, жапа шеккен балаларды биологиялық анасына жіберген болатын.



Сәуір айында балаларына қатысты тым қатыгез әзілді жүктеген АҚШ-тағы танымал видеоблогер Майкл Мартин мен оның әйелі Хизер Мартинді  5 жылға шартты түрде соттады. Оларды ата-ана болу құқынан айырып, балаларды биологиялық анасына жіберді, деп хабарлайды New York Post.



DaddyOFive арнасындағы видеороликте ата-ана кішкентай Кодиге кілемге сия төгіп алғаны үшін айқайлайды. Бала оны істемегендігін айтып ант-су ішіп жылайды, ал видео соңында өгей ана оның оңай жоғалып кететін сия екендігін және мұның жәй алдау ойыны болғанын жеткізеді. Соттың шешімінше, Майк пен Хизердің өздері кінәсін мойындамаса да олардың кінәлі екендігін дәлелдейтін айғақтар жеткілікті.

Көрінбейтін сиямен жасалған пранк балаларды мазақ қылған алғашқы видео емес. DaddyOFive видеороликтерінің негіздерін осы тым қатыгез әзілдер құрайды. Майк пен Хизердің айтуынша, түсірілімге балалардың өздері қатысқысы келген. Ал прокурорлар қазіргі уақытта балалардың психикалық ауытқулары бар екенін дәлелдеген.

Дереккөз: Life.ru
 
нравится:    80
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии