|    |  
13 қараша 2019
12:02
қаз
Балаларының ішектері денесінің сыртында туылатын отбасы
22 маусым 2017, 15:38 38



Кристал Джайлс осыдан 8 жыл бұрын алғаш рет босанған кезде оның ұлының өмір сүру мүмкіндігі тым аз болатын. Міне, араға 8 жыл салып барып екінші рет босанған кезде дүниеге келген қызы дәл ұлы секілді диагнозбен туылғанын білді.

Екі жағдайда да нәрестелердің ішектері дененің сыртында орналасқан күйде өмірге келген. Дәрігерлер оларды пленкаға орап, жандарын сақтап қалған. Бұл өмірде өте сирек кездесетін құбылыс – гастрошизис деп аталады және жаңадан дүние есігін ашқан 3 мың сәбидің арасында тек бір рет кездеседі. Міне, адам айтса сенгісіз жайтпан Кристалдың ұлы мен қызы араға 8 жыл салып барып денсаулығындағы осындай ақаумен туылды.



Кристал екінші рет жүкті болған кезде оған дәрігерлер әлемдік статистиканы алға тартып, сәбидің гастрошизис болып туылуы мүмкін емес екенін айтқан. Себебі, мұндай жайт олардың отбасында болды, енді алдағы уақытта оқиғаның қайталануы мүмкін емес деп сендірген. Соған қарамастан қыз бала өзінің ағасы секілді ішлектері денесінен сыртқа шыққан күйде туылған, оны да операция жасағанға дейін пленкаға орап ұстауға тура келген.

Бір қызығы, Кристал өз балаларын дүниеге әкелерден бұрын осындай жайтты көзімен көріп өскен – 2000 жылы оның жиен сіңлісі осындай диагнозбен туылған болатын.



Кристал Джайлс алғаш босанғаннан кейін өзінің ұлын неге пленкаға орап жатқанын түсінбегенін айтады. Оған бар мән-жайды туған анасы ашып айтып береді.

Гастрошизис ішектер шарананың қарын қуысында емес, оның денесінен шығып дамуының салдарынан пайда болады. Бұл ретте қарын қабаты толық түзілмейді. Жаңа туған сәбиді оның денесі жылуды және өмірлік маңызды сұйықтықтарды сақтап қалуы үшін пленкаға орап сақтайды.

Кристалдың ұлы Оуэн ауруханада осылай 2 ай жатса, қызы 23 күн жатты. Оның үстіне қызы толғақтың мерзімінен бұрын келуіне байланысты Кесар тілігі арқылы туылған.

Айта кететін жайт, Кристалдың қызын босандыру процесіне осыдан 8 жыл бұрын ұлын босандырған дәрігерлер қатысқан. Олар да бір отбасында екі баланың сирек кездесетін бірдей диагнозбен туғанына таңғалып отыр.
 


Жаңалықтар