|    |  
22 ақпан 2020
04:48
қаз
Баланы горшокқа отырғызып үйретудің жолдары
23 сәуір 2018, 14:54 2218
Кішкентай нәрестені горшокқа отырғызуға үйрету міндеті табиғаттан берілетін рефлекс жағдайын қалыптастыру болып табылады. Былайша айтқанда, бұл рефлекс баланың ерік-жігеріне бағынышты болуы тиіс.



Алты айлық баланың горшокқа отыра бастауының әлі де ертелігі туралы пікірлер қалыптасқан: бала не істеу керектігін әсте түсінбеуі ықтимал. Бұл процесті жеделдетуге баланың үйде жөргексіз жүруі және құрғақ киімде болуы көмектесіп жатады. Ақыр аяғында горшокта отырмаса, мұндай жағдайдың орын алмасын ол өзі де түсінетіндей дәрежеге жетеді.

Орташа есеппен алғанда, баланың миының қабылдауы бөліп шығару қызметін бақылауын 2,5-3 жасында қолға алуы мүмкін. Алдын ала баланы горшокқа үйрету үшін сізге осы тақырыптағы оқыту әдістемесіне назар аударған абзал, және де баланың жасы үш жасқа жақындаған кезде бұл анағұрлым нәтижелі болары анық. Әрине, кейбір бала алты айында, ал ендісі бірі бір жарым жасында жетістігін көрсетіп жатады, алайда көбіне екі жасқа дейінгі уақыт аралығында үйретіп, жемісін көру өте қиындау мәселе.

Баланың горшокқа отырудағы физиологиялық және психикалық дайындығын анықтау келесі белгілер бойынша анықталады:

* дымқыл жөргекпен жүрудің теріс көңіл-күй сыйлауы;

* баланың жест, дауыс, ымыра секілді кез келген қимыл белгілер арқылы дәретке барғысы келетіндігін көрсетуі;

* өздігінен шешіне білуге қабілеттілігі;

* бір мезгілде күнделікті дәрет сындыру уақытына үйренуі;

* әжетханаға кіріп-шығу қабілетінің болуы;

* 1,5-2 сағат көлемінде құрғақ болып жүруі;

* үлкен дәрет, кіші дәрет ұғымын түсінуі;

* киімнің кейбір түрлерін және дене мүшелерінің кейбірін білуі.

Кішкентай сәбиге горшокқа отыруды қалай үйреткен орынды? Негізгі ережелер:

* Бала горшокқа үйренбей, одан қорқатын кездері болады. Сондықтан оның үстінде баланы ұзақ уақыт ұстап отыруға болмайды. Бала қарсылық танытқан кезде, әрі қарай қинамай, жібере салу керек. Бұл тек қана горшокқа деген теріс түсініктің қалыптасуына түрткі болары сөзсіз;

* горшок баланың көз алдында болғаны дұрыс. Балаға міндетті түрде ұйықтағанға дейін және кейін, қыдырардың алдында және одан кейін, тамақ ішердің алдында және кейін горшокқа отыруды ұсынып отырыңыз;

* егер баланы горшокқа отырғызғанда, ештеңе болмаса да, оған ұрыспау басты шарт болып табылады. Ең бастысы шыдамдылық екенін ұмытпаңыз;

* балада бәрі орындалса, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.

Баланы горшокқа үйретудегі кейбір тәжірибелік кеңестер:

– баланы горшокқа отырғызған кезде, ваннаның суын ағызып қоюды да ұмытпаңыз. Ережеге сәйкес, судың сылдыры баланың кіші дәретке отыруына мүмкіндік беруі ықтимал;

– кейде бала горшокта ұзақ отырып, дәрет сындырмай, әрі қарай тұрып жүгіріп кетуі мүмкін. Сосын бұтына жіберіп, киімін су қылады. Мұндай кездері, бәрі қарап отырғанда әжетханаға бару оған ұнамайтындығын ескеріңіз. Осы сәттерде оған мәселен жамылғы көрпелерден үйшік жасап беріп, горшокты сол үйшіктің ішіне қойсаңыз болады, бұл әрине мүмкін болса;

– кейде бала ойынның қызығына түсіп кетіп, горшокқа отырудан мүлде бас тартады. Онымен бірге ойнай бастаңыз. Сосын оның жақсы көретін ойыншығын алып, оның да горшокқа отырғысы келетіндігін айтып, бірге отыруға шақырыңыз. Бала бұдан бас тарта қоймас;

– бала үшін горшокта отыру іш пыстырады және ол қызықпайтын жұмыс. Сондай-ақ ол ол жерде не үшін отырғандығын да онша ұқпайтыны белгілі. Мұндай кездері оған ойыншықпен ойнауға немесе кітапты қарауға ұсыныс білдіріп көргеніңіз дұрыс;

– баланың горшокқа отыруға сәл де болса талпынысын байқасаңыз, жөргексіз жүруге, құрғақ киімде жүруге үйретіңіз. Бірнеше рет ылғалды киімде өзін сезініп, оған ұнамасы белгілі. Бұл оның горшокқа отыруын одан сайын жетілдіре түседі;

– баланы горшокқа үйретудегі өте жақсы әсер беретіні көрсетілетін мысалдар. Санаққа сәйкес үйдегі екінші және одан кейінгі балалар горшокқа тез әрі жеңіл үйреніп кетеді, өйткені өзгелердің осыған дейін оған отырғанын көре жүреді.

Әмбебап кеңестер:

Баланы горшокқа отырғызудың бастапқы кезі отбасында жақсы көңіл-күй болған кезде басталуы тиіс. Сол кезде бала да осы күйде болатыны белгілі.

Бала горшокқа үйренуі үшін жөргекті неге шешу керек:

* сәби көп уақыт бойы жөргек киіп үйренді, сондықтан ол өзінің денесін біраз уақыт бойы зерттеп танығаны дұрыс. Ол ондай дәрет ету мүшелерінің қызметін жете түсінуі үшін;

* дәрет сындыруға барғысы келетін кез бен келесі дәрет сындыратын уақыт арасындағы байланыс пен қажеттілікті түсінуі үшін;

* жалаңаш жүрген балаға горшокқа отыру үшін ештеңені шешіп киюдің қажеті болмайды. Бала горшокқа үйренгенше ата аналарға шыдамдылық қажет болады. Олар дәл осы үйрену кезінде баламен сөйлесудің өте маңызды екенін жете түсінгендері абзал. Горшокқа үйрету дағдылары тек демалыс күндері емес, күнделікті жүргені дұрыс.

Барлық жағдайларда горшокқа отыруға байланысты қимылдарға назар аударып отыру керек, анығын айтқанда:

– баланы горшокты алуға үйрету;

– горшокты қалай ашу керектігін үйрету;

– іш киімді шешіп-киюді үйрету;

– горшок ішіндегіне қайда және қалай төгуді үйрету;

– горшокты қалай жуу керектігін үйрету;

– горшокты қалай жабу керектігін үйрету;

– горшокты қалай орнына қою керектігін үйрету.

Горшокпен байланысты мұның барлығын мүмкіндігінше қызықты ойынға айналдыру қажет. Бұған қоса, бала дұрыс істеген әрекеттердің барлығын міндетті түрде ескеріп, қолпаштап отырған жөн. Осынау өтпелі кезең барысында баланың тек қана жағымды көңіл-күй алғаны маңызды.

Баланы горшокқа отырғызып үйретудің ең жақсы уақыты жаз айлары. Бұл кезде баланың үстінде киім аз болады және ол дымданса тез кебеді.

Горшокпен танысу баланың дәретке отырғысы келген кезде орын алуы қажет. Әдетте мұны тамақ ішкеннен кейін немесе ұйқыдан тұрғаннан кейін жасаған жөн.

Егер бала горшокқа отырғаннан кейін «нәтиже» болатын болса, онда оны барынша мақтау артық етпейді. Ал егер сәтсіздік орын алса, онда бұған да кейістік танытудың жөні жоқ. Алайда көңіліңізге қаяу түсіп жатса да онды балаға көрсетпеу керек.

Егер ол өз бетінше дәретке отыра алатын болса, алайда «өз ісін» дұрыс атқара алмаса, онда баланы горшокқа отыруға қалай үйретуге болады? Горшокпен танысу процесін біртіндеп күрделендіреміз. Баланы горшокқа қажеттігі туындағанда ғана емес, сонымен бірге күн тәртібі бойынша қатаң отырғызып үйреткен жөн. Мәселен, баланы серуенге шығар немесе ұйықтар алдында горшокқа отырғызамыз.

Баланы горшокқа немесе балаларға арналған арнайы отырғышы бар унитазға отырғызасыз ба, оның айтарлықтай мәні жоқ. Дегенмен, бастапқыда горшокқа отырғызудың басымдығы бар, өйткені, процесс созылып кетуі мүмкін.  Сондықтан балалардың бөлмесінде горшокта отырған баламен әңгімелесу сәби үшін біршама жағымды әсер береді. Кейде горшокты әжетханамен біріктірген де жөн. Бұл әсіресе балаларға қатысты жәйт.

Балаға горшоктың не үшін керектігін түсіндіруден жалықпаңыз. Мұны өте жылы   түсіндіруге тырысыңыз.

Горшок баланың бөлмесінде көзге көрінетін жерде тұру керектігін естен мүлде шығармаңыз. Ол мәселен бала бөлмесіндегі еденде болуы мүмкін.

Баланың горшокта ұзақ отыруы оған теріс әсер етуі мүмкін. Кейбір балалар горшоктан тіпті қорқып жатады. Оны айтып, баланы жалықтыра бермеңіз. Баланың  ептеп горшокқа үйренуіне мүмкіндік беріңіз.

Бөлмеде өзге адамдар болса, бала әжетханаға отыруға ниет білдіруі екіталай екенін түсініңіз. Оған бұл белгілі бір деңгейдегі күйзеліс.

Жөргектен мүлде бас тартуға да болмас. Сіз баламен көлікте ұзақ уақыт бойы жүретін болсаңыз, оның сізге қажеті болуы ықтимал. Сондай-ақ жөргек сізге күн суық кезінде, баламен серуендеуге шыққан кезде, түскі және түнгі ұйқы уақыттарында керек. Егер бала ұйықтап тұрған соң кіші дәретке отырса, оны міндетті түрде мақтап, құрғақ жөргекті көрсетіп қойыңыз.

Бала бұтына жіберіп қойған кездері әрдайым горшок бар екенін оған түсіндіріп айтып отырыңыз. Сіз ренішіңізді ақырын көрсетеңіз болады, алайда балаға ұрыспаңыз. Шыдамдылық пен байсалдылық болашақтағы баламен қарым қатынасыңыздың жақсы болуына әсер ететін дүниелер екенін естен шығармаңыз.

Баланың әзірге горшокқа бармау себептері:

* кейде басты себеп оның ата-аналарында болып жатады. Олар уақытты ерте жылжытып, баланы сәби кезінен горшокқа үйреткісі келеді. Орта есеппен алғанда бала горшокқа өздігінен бір жарым жасынан екі жарым жасына дейінгі аралықта барып үйренетіні белгілі. Сондықтан мұндай әрекеттер көп жағдайда нәтижесіз болып жатады;

* баланың горшокқа отырмауының тағы бір себебі оның дәретке отырмаған кездегі ата-аналарының сыни көзқараспен қарауы болып табылады. Бұның артында қандай да бір жаза күтіп тұрғандай көрінеді. Ата-аналар тарапынан балаға деген ешқандай екпін түсірілмеуі қажет. Бала тыңдамай, қырсығуы мүмкін. Мұндай кездері оған жақсы көзқарас таныту қажет, ұрыспау керек;

* бала өзінің денесін толық танып бітпей жатып, горшоктан қашуы ықтимал. Түрлі ойындар мен суреттер арқылы бұл жағдайда балаға көмек қолын созған дұрыс. Мәселен, бала алғаш сурет сала бастаған кезде адамдардың тек қана басын салады, тұтас адамды ол бас ретінде ғана көреді, сол себепті өзге де дене мүшелерін сурет арқылы ұғындыруға болады;

* бала ауырып тұруы немесе күйзеліс салдарынан горшокқа отырмауы мүмкін. Мұндай кездері балаға назар аударған дұрыс Себебі анықталғаннан кейін, үйренген дағдысы қайтып келетіні сөзсіз;

* баланың горшокқа отыруға мүлде уақыты болмауы мүмкін, ол ойын баласы яғни үнемі ойнайды, мультфильм көреді. Горшокқа мүлде уақыты қалмайды! Мұндай кездері шыдамдылық танытыңыз. Сіз балаңыздың өз денесін танып білуіне көмектесуіңіз керек.
Баланы горшоққа қалай үйретуге болады. Сегіз қарапайым қадам ұсынылып отыр.

1-ҚАДАМ
Балаларға арналған горшок сатып алу қажет, ол өте ыңғайлы әрі әдемі болуы шарт. Бала бір рет болсын горшоктан құласа, екінші рет оған отырып жарытпас. Сол себепті балаға жаймен ғана бұл оның жеке заты ретінде түсіндірген дұрыс. Бала оны қолымен ұстап көрсін, оған отырып көрсін, жан-жақты зерттеуіне мүмкіндік беруіңіз керек.

2-ҚАДАМ
Горшок баланың көз алдында болуы тиіс. Ол ойыншықтармен ойнайтын бөлмеде тұрғаны әбден дұрыс.

3-ҚАДАМ
Егер бала қаламаса, оны бірден горшокқа үйретемін деп қинамаңыз. Балаға жаңа нәрсеге үйренгенше уақыт бергеніңіз абзал. Осыдан кейін ғана ақырын машық пен дағдыға үйрете бастасаңыз болады.

4-ҚАДАМ
Баланы горшокқа үйрету үшін жөргегімен бірге бірнеше рет отырғызып көріңіз. Ал егер ол горшоктан тұруға талпынбай, отыра беретін болса, дәретке барардың алдында отырғызып көріңіз. Горшокқа отырғызар алдында жөргегін ауыстырып алған дұрыс. Пайдаланылған жөргекті горшокқа тастап, бұл процестің қалай өтетіндігінен баланы хабардар етуіңіз қажет.

5-ҚАДАМ
Тағы бір жолы – күніне бір мезгіл баланы киім киген күйі горшокқа отырғызып көріңіз, бұл дағдылануға, үйренуге сеп болары анық. Осыдан кейін ғана баланы жөргексіз горшокқа отыруға әрекет жасаңыз. Горшокта баланы қатал түрде қинап ұстамаңыз. Бұдан ол ештеңе де үйренбесі анық.

6-ҚАДАМ
Шыдамдылық танытып, баланы күніне бірнеше мәрте горшокта тосып көріңіз. Ол ұйықтар алдында болуы мүмкін, болмаса тамақтанған соң, қыдырып келген соң, тағы басқа уақыттары. Әйтеуір бір тосқаныңызда жолыңыз болып, бала дәрет етсе, ол үшін баланы мақтап қойыңыз. Қазіргі таңда дүкенде әуезді горшоктар да бар. Ылғал тиген сәттен ақ мұндай горшоктар түрлі әуенге салып шыға келеді.

7-ҚАДАМ
Балаға үйде жөргексіз жүруге мүмкіндік беріңіз. Бәлкім ол өзі де горшокқа отыруға талпыныс жасап көрер. Бұл оқиға орын алса, міндетті түрде еске алып, бұл үшін баланы марапаттай да біліңіз.

8-ҚАДАМ
Бастапқы кезде баланы түннің уақытында горшоққа тосып отырғызып бастаған орынсыз. Ең алдымен ол күндіз өзін бақылауда ұстай алып үйренгенгені дұрыс.

Дереккөз: http://www.vospitaj.com


Жаңалықтар