16 Август
10:33
Астана: 19 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 361.66
EUR/KZT: 409.51
RUB/KZT: 5.41
CNY/KZT: 52.36
Туризм
20 шілде 10:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Балаңыз күнге күйген жағдайда
Жаз мезгілі дегенде жағажай мен шомылу бірден есімізге оралады. Тіпті жылына бір келеді деп ыстық күнге қыздырынатын жандар жоқ емес. Алайда күнге қыздырынудың да өз тәртібі бар. Себебі күнге күю тәртібін дұрыс сақтамаудан дененің күнге күйіп кетуі, организмнің шектен тыс қызуы және оған күн өтуі мүмкін. Назарларыңызға балаңыз күнге күйген жағдайда жасалатын емдік тәсілдерді ұсынамыз.



Тері күюінің белгілері:

1. Алғашқыда күн түскен жерлер қызарып, ісінеді, кейде қалтыратып тоңдырады.
2. Дене ыстығы көтеріледі. 
3. Бас ауырады.
4. Жүрек айниды. 

Балаңыз күнге күйген жағдайда не істеуге болады?

1. Алдымен баланы тыныштандырыңыз, содан соң салқын компресс жасап ауырсынуын жеңілдетуіңізге болады. Оларды дайындау үшін түймедақ тұнбасы немесе қырмызы гүлі және алоэ шырыны керек.
2. Егер дәрі қобдишаңызда хлоргексидин немесе мирамистин сынды антисептиктер болса соларды қолдануға болады. Есіңізде болсын, мұндай жағдайда спирт қолдануға болмайды.
3. Егер де балаңыздың ыстығы қатты көтерілсе, дәрігер келгенше жасына сәйкес дозада парацетамол немесе нурофен беріңіз.
4. Көбірек минералды су ішкізіңіз (газсыз).
5. Үй жағдайында емдеуге қызықпаған жөн. Өсімдік майы негізіндегі, спирт тұнбалары теріге зиянын тигізеді.
6. Күнге күйген жерге қолданатын дәрілерді дәрігердің өзі белгілейді. Сондықтан, міндетті түрде дәрігерге тексерілген жөн. Көп жағдайда олар антигистаминді ұсынады, олар ісінуді және қышуды азайтады.

Қандай жағдайда жедел жәрдемнің көмегі қажет?

1. Басынан ыстық немесе күн өтудің белгілері бар болса: баланың дене қызуы көтерілсе, құсу, бас аурулары, есінен танып қалған жағдайда. Жедел жәрдем шақырыңыз.
2. Бала әлі бір жасқа толмаса. Баланың жағдайын бағалау мүмкін емес, оны дәрігердің қарағаны жөн.
3. Егер көзі күйген жағдайда офтальмолог оны тез арада байқайды және асқынуларды болдырмауға тырысады.

Күнге күюдің алдын алу шаралары

1. Серуендеуді таңертең немесе кешке жоспарлаңыз, ал түскі уақытта жабық жерде демалғаныңыз дұрыс.
2. Аяқ-қолды жауып тұратын мақтадан жасалған ыңғайлы киім, күннен қорғайтын көзілдірік міндетті түрде жаныңызда болсын.
3. Балаларды ультракүлгін сәуледен қорғайтын қол жетімді кремдер бар, оларды жағажайда ғана емес жай күндері де қолдануға болады. Балаңызға 2 жастан бастап крем таңдай аласыз.

Күн сәулесі балаңызға ауырсыну әсерін емес, денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын! 

Дереккөз: https://massaget.kz
нравится:    38
Теги: Главная, Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии