19 Август
22:34
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
10 қазан 14:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Балаңыз тәуелсіз болсын десеңіз, жасынан жауапкершілік жүктеңіз
 
 
Бала – жасында қызық. Қазақта «Жақсы бала – сүйініш, жаман бала-күйініш» деген сөз бар. Бірақ көз қуанышыңыз болып туған бала күні ертең есейеді. Есейгенде өз бетінше шешім қабылдай алатынын, өз өміріне өзі ғана жауапты екенін түсінгені қажет. Ал егер балаңыз сізге тәуелді болып, өзі шешім қабылдауға дағдыланбаса күні ертең әр келеңсіздікке сізді кінәлап шыға келеді. Сол себепті баланы жасынан тәрбиелеу керек.
 
Балаңыз еденге суды төгіп алса, шүберек әкеліп оны жылдам сүртіп алмаңыз. Оның орнынан балаға еден сүртетін шүберектің қайда тұрғанын айтып, өзі төккен суды өзіне сүртуді бұйырыңыз. Себебі бәрін өзіңіз жасап үйретпеу қажет. Керісінше өзі шешім қабылдап, өзі бүлдірген нәрсесін өзі түзететіндей үйрету керек.


 
Балаларыңызды ойнатпаңыз. Өзі ойын түрін тауып, ойнап көрсін. Баланың «іші пысқан» сайын оған ойын дайындап бермеңіз. Сәл көңіл бөлмей қалдырсаңыз, өзі-ақ айналысар іс тауып алады. Баланың өз бетінше қимылдауы, тәуелсіз болуы осы ойында басталады.
 
Қателесуіне мүмкіндік беріңіз. Балаңыз бірінші рет конструктор құрастырып отыр делік. Қателесуі заңды. Неше мәрте қателессе де жекіп, ұрыспаңыз. Өзі құрастырып үйренуі тиіс. Ол көмек сұраған кезде ғана көмектесіңіз. Баланың ойында «мен – өзім» деген сенім болуы керек.
 


 Әр бастамасына қолдау көрсетіп, мақтап отырыңыз. Мейлі, ісі шала болса да мақтаңыз. Себебі бала мақтаған сайын, әр ісін одан да жақсы жасап, пайдасын тигізуге ұмтылады.
 
Әр қадамына араласпаңыз. Балалардың ұрыс-керісін, төбелесін назардан тыс қалдырмау қажет. Дегенмен әр сөз қағысқан сайын араласудың қажеті жоқ. Алдымен олардың өз проблемасын өздері шешуін қадағалаңыз. Мүмкіндік беріңіз. Себебі құрдастарымен, өзге балалармен арадағы келіспеушіліктерін қазір шешіп үйренген бала күні ертең мектепте де, жұмыс істегенде де башылығымен, әріптестерімен тіл табысуды тез үйренеді.


 
Балалардың бетін қайтармаңыз. Баламен теңдей сөйлесіңіз. Айтқанын ден қойып тыңдаңыз. Себебі «баршы, ойна, кедергі жасама» деп бетін қайтара беру баланы немқұрайдылыққа жетелейді.
 
Үйде баланың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасаңыз. Аласа сөрелер мен орындықтар қойыңыз. Бала өз заттарын өзі алып, орнына қоя алатындай болуы керек. Сонда ғана өз бетімен қажеттіліктерін өтеп үйренеді.
 


Үйде де, түзде де әр жасаған ісіңізді балаға да көрсетіп, бала санасы қабылдай алатын дүниелерді түсіндіріп жүріңіз. Мысал үшін автобуста жүргенде, дүкен мен банкке барғанда әмиянға, қағаз-құжатқа ұқыпты болуды және т.б.
 
Үйдегі міндеттерін бөліп беріңіз. Баланың мойнына жауапкершілікті жасынан жүктеңіз. Өз төсегін өзі жинауды, өз бөлмесін өзі тазалауды және тағы басқа жұмыстарды міндеттеңіз. Себебі жасынан жауапкершілікке үйренбеген баладан болашақта жауапкершілік күту бекершілік.
 
Дереккөз: Facebook
нравится:    1116
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии