20 Август
04:35
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
7 қыркүйек 10:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баласы сабақтан қашқан ата-аналар 15 мың теңгеден бастап айыппұл төлейтін болды


Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді. Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Бұл турал Астана арнасы хабарлайды.

Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді. Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар.

Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ  1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.

Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы: “127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз”, – дейді.

 
нравится:    1122
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии