16 Декабрь
20:46
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
6 желтоқсан 17:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баласын базарға тастаған ата-ана 10 жылдан кейін қайда кездесетіндері туралы хат қалдырған
1995 жылы Қытайдың Сучжоу қаласында Цзинчжи есімді қыз бала дүниеге келеді. Ол кезде Қытайда «бір отбасына – бір бала» заңы қолданылатын. Цзинчжидің ата-анасы кедей болған. Қыздың анасы бала туғаны туралы ешкім білім қоймасын деп бірнеше апта адам аяғы баспайтын жерде болып, жергілікті аурухана дәрігерінің көмегімен босанған.



Ол дәрігер бұл жағдай туралы ешкімге айтпауға келісіпті. Бала туғаннан кейін әкесі бірден жергілікті базарға апарып тастайды. Балаеың жанына: «Біздің қызымыз Цзинчжи 1995 жылдың жетінші айының 24 күні таңғы сағат 10-да дүниеге келді. Жағдайымыз болмағандықтан біз оны қалдырып кетуге мәжбүрміз. «Біздің кішкентай қызымызды құтқарып, қамқорлық көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Егер біз бір біріміз үшін жаралған болсақ 10 немесе 20 жылдан кейін Сауысқан мейрамында Ханчжоу көпірінде кездесуді жазсын»-деп хат қалдырған.
 
 

Бір жылдан кейін қызды американдық Полерлер отбасы асырап алады. Баламен бірге олардың қолына хат та тиген. Бірақ бала кәмелет жасына жетіп, биологиялық ата-анасы туралы өзі сұрамайынша бұл туралы тіс жармаған. Цзинчжиға Кэтрин Су деп ат қояды.
 

 
10 жылдан кейін баланың биологиялық ата-анасы көпірге келіп, таң атқаннан түскі төртке дейін күткен. Қолдарына қыздарының аты жазылған тақтай ұстап тұрады. Бірақ ешкім келмейді. Ал  америкалықтарЭнни Вудан көпірге баруын өтінген. Бірақ ол келген кезде қыздың ата-анасы кетіп қалған.
 

 
Бірақ сол күні көпірде журналистер болыпты. Энни Ву журналистерден қыздың ата-аасын көрген көрмегендерін сұрайды. Осы оқиғаны журналистер жариялағаннан кейін бүкіл елге сенсация болып кеткен. Телеарна қызметкерлері баланы асырап алған адамдарды тауып, байланысқа шыққан. Олар Мичиганнан қыздың суреттерін жіберіп, өмірі туралы айтқан.


 
Сюй Лида мен оның жұбайы Цянь Фэньсян көпірге жыл сайын келіп отырған. Бірақ оларға ешкім келмеген. Ал Полерлер болса қыздың өзі туған ата-анасы жайлы сұрамайынша, оған ештеңе айтпайтындарын мәлімдеген.


 
2016 жылы Кэтрин Су колледжге түсіп, сабақта өзінің тегі туралы айту үшін асырап алған әке-шешесінен туған ата-анасын сұраған.
 
Соңында бойжеткен әке-шешесін тауып, Қытайға келген. Ата-анасымен табысқан.


 
«Өзімді қытай қызы ретінде сезіне бастадым. Олармен байланысты үзгім келмейді. Оларды қайтадан көргім келеді. Бірақ олар мен үшін кім деген сұрақ маза бермейді. Тіпті оларды қалай атарымды да білмеймін»-дейді бойжеткеннің өзі.


 
2016 жылдан бастап Қытай билігі бір отбасына екі бала тууға рұқсат берді.
 
Дереккөз: REP
нравится:    1013
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии