|    |  
22 ақпан 2020
04:25
қаз
​Баласына ауру ойлап таба берген әйел түрмеге жабылды
15 желтоқсан 2017, 14:52 41
Техастың 34 жастағы тұрғыны Кейлин Боуэн ұлы Кристофердің сегіз жасына дейін қажетсіз 13 операция жасатқан.


 
Кейлиннің үш баласы бар. Үлкені Кристофер туғаннан оның «түрлі аурулары» бар екенін айтып, емдей берген.
 
Күйеуі Райан Кроуфорд сот арқылы әйелін жөнге салмақ болғанымен, сот үнемі келіншекті жақтап шыққан. Ал бала шын мәнінде сау болып туған.
 
Кристофер 2009-2016 жылдары ауруханаға 323 рет түскен. Анасы балаға улайтын таблеткалар беріп, ауруханаға апара берген. Қайырымдылық сайтына хабарлама беріп, баласының туғаннан ауыратынын жазып, ақша да жинаған. Осыдан кейін сот баланың анасымен кездесуіне тыйым салған. Кристофер қазір әкесімен тұрады.
 
Дереккөз: https://life.ru


Жаңалықтар