13 Декабрь
03:55
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
15 шілде 10:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Балқаш көлі - табиғат әлемінің ерекше туындысы
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 –19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді.



Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк.





Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат.





Балқаш көлі Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Көлдің солтүстігінде Қазақ соқпақтары, батысында Бетпақдала оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм құмдары қоршап жатыр. Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көл болып саналады.




Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар кездеседі.



Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. 

Дереккөзі : http://visitkazakhstan.kz/

 
нравится:    6320
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии