|    |  
13 қараша 2018
09:44
қаз
Балықшы мұз астына түсіп кеткен бұланды құтқарған
01 қараша, 15:13 707

 
Барнауылдық балықшы өзенге барып, күнұзақ балығын аулап, кештете қайтуға ыңғайлана бергенде көз ұшынан мұз астына түсіп кеткен бұланды байқайды. Бұлан суықтан тоңып, әлсіреп, әрең жүзіп келе жатқан. Ал судың тереңдігі болса 1,5-2 метр, мұздың қалыңдығы бар болғаны 4 см болған екен. Балықшы дереу келіншегіне хабарласып, төтенше жағдайлар қызметін шақыруды тапсырады.  Бірақ ТЖҚ көмекке барудан бас тартады. Содан кейін әкесіне хабарласып, арқан алып келуін өтінеді. Сөйтіп, суға түсіп кеткен бұланға арқан лақтырып, аман-есен сүйреп шығарады. Бұрынырақ болған бұл оқиғаны балықшы кеше өткен балықшылар форумында баяндап берген.
 






 Дереккөз: www.kp.ru
Жаңалықтар